Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы(), Халықаралық Роботтар Жарыстары — 10-18 жас аралығындағы оқушылар арасындағы бәсекелер. Алғаш рет Сингапур қаласында 2004 жылы өтті, қазіргі уақытта бұл жарысқа 32 елден келген 1000 астам дарынды жеткіншектер қатысады.
Бұл олимпиадада негізгі, шығармашылық және роботтар футболы категорияларына арналып құралған LEGO-роботтар бәсекеге түседі. Негізгі категория тапсырмасының мақсаты белгілі бір роботты құрап және алгоритмін жазып шығу, роботтың өлшемі 25х25х25 см-ден аспауы керек. Шығармашылық категорияда берілген тақырыпқа байланысты жоба құрып шығу керек. Негізгі және шығармашылық категорияларының тапсырмалары жыл сайын өзгеріп, қиындай береді. Футбол сайысына қатысу үшін команда екі роботты дайындау керек. Олар басқа командаға қарсы ойнайтын шабуылшы мен қақпашы болып табылады. Футбол ойыны арнайы футбол алаңы мен инфрақызыл сәулелі доп арқылы жүзеге асады.
Негізгі және шығармашылық категория өз кезегінде 10-11 жастар, 11-15 жастар және 15-18 жастағы оқушыларға деп бөлінеді.
роботтық текхника Қазақстанда
Қазіргі кезде LEGO MINDSTORMS роботтары Қазақстанның тек Назарбаев Зияткерлік Мектептерінде және кейбір университеттерде тараған.Бірақ тек Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде роботтық текхникамен тереңдетілген түрде айналысады.Мектеп оқушылары Мәскеу,Санкт-Петербург қалаларына жиі барып түрлі сайыстардан жүлделі орындар алуда.
WRO 2013
WRO 2013 Индонезия мемлекетінің Джакарта қаласында 15-17 қараша аралығында өтеді. Ережелерді wro2013.org сайтынан білуге болады. Негізгі категорияда Батик (10-11 жас), Боробудур (11-15 жас) және Комодо аралы (15-18 жас) бәсекелері; футбол ережелері өзгермеген
Өткізілген қалалар
2004 — Сингапур 2005 — Бангкок 2006 — Наньнин 2007 — Тайбэй 2008 — Иокогама 2009 — Поханг 2010 — Манила 2011 — Абу-Даби 2012 — Куала-Лумпур 2013 — Джакарта (15-17 қараша)
Дереккөздер wro2013.org wro2012.org wroboto.org wroboto.ru mindstorms.lego.com — LEGO роботтары туралы мақала