Көкөзек — Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Сарыкемер ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-дей жерде. 1920 жылдары колхоз болып құрылды.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен839774 699 90,3 390 355 91 384 344 89,6
Ауыл атауының тарихы Ауыл атауының шығу тарихы туралы ел есінде мынадай әңгіме бар. Қарасу мен Көкөзек ауылының ортасында "Көкалыс" деген шөбі шүйгін, көк құрақ, бидайдың ерте көктемде бітік өсетін саздауыт алаңқай жері болған. Сол алаңқайдан ылди сулар бірігіп Көкөзек ауылының ортасындағы өзекпен төмен қарай ағып жатқан. Ертелеу кезде шамамен 1880 - 1900 жылдары аралығында тұрғылықты ел құм жиегінде шашыраңқы қалыпта отырған да, ұжымдастыру кезінде қазіргі Көкөзек ауылының тұрған жерінен ауылдың, көшенің жобасы сызылып халықты сол көшеге қоныстандыра бастаған. Кейін келе Көкөзек ауылы пайда болады. Құм жиегіне жақын жазықта ағып жатқан өзен сонау Алатау басынан басталып, Қарасу көлінің жиек жақ шетіне келіп құяды. Өзеннен шығатын кіші суды халық өзек деп атаған. Ерте күзден бастап, қыс түсіп, жер беті ақ қар жамылғанға дейін өзектің екі жағы жап-жасыл желек жамылып жататын. Ауыл жағасы от, суы мол өзектің атына байланысты "Көкөзек" деп аталған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері