Большой Изюм — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы ауыл, Большеизюм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тайынша қаласынан оңтүстікке қарай 14 км-дей жерде, Шағалалы (Чаглинка) өзенінің сол жағасында орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1533 адам (711 ер адам және 822 әйел адам) болса, 2009 жылы 1347 адамды (630 ер адам және 717 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1960 жылы қаланған. 1961-69 жылдары шошқа өсіретін кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде АҚ, “Үлкен Жүзім” ЖШС-і және шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Петропавл — Тайынша — Көкшетау бағытындағы автомобиль және темір жолдары өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы елді мекендері