Цай Ден ХакҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1966), колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі. 14 сәуір 1913 жылы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесі, Ворошилов ауданы, Пиякно ауылында туған.

Еңбек жолы 1931-1934 жылдары - Қиыр Шығыс өлкесі, Ворошилов ауданы, "Сулудинский" күріш совхозында бригадир. 1935-1937 жылдары - Өлкелік партия-совет мектебінде тыңдаушы, саяси оқу үйінің меңгерушісі. 1937-1938 жылдары - осы ауданның "Кедровская звезда" колхозында председатель болды. 1939 жылдан КОКП мүшесі болды. 1938-1984 жылдары - Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, "3-Интернационал" колхозының председателі.

Жетістігі 4-6 сайлауда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты. Қызылорда қаласында бір көше және Қармақшы ауданы, "3-Интернационал" кентінде бір көше Цай Ден Хак есімімен аталады.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1966) Халықтар достығы ордені Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары