Тамшылатып суғару - ең алдымен судың ысырабы азайтып, екіншіден, өнім көлемі арттыратын суғарудың үнемді әдісі.

Тамшылатып суғару өнеркәсіптік көлемде алқашқы рет Израильде өткен ғасырдың ортасында зерттеліп, өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде бұл әдісті бүкіл дүниежүзі мемлекеттері озық технология ретінде қолданады.

Тамшылатып суғару, тәжірибе көрсеткендей, бау-бақша, жүзім, гүл, газондық шөптер және көкөніс дақылдарын егуде өте тиімді. Бұл әдіспен егіліп алын­ған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есе, ал кей жағдай­ларға 10 есеге дейін артық өнім береді. Су көздері тапшы немесе жоқ жерлерде оның маңызы орасан зор және таптырмайтын әдіс.

Бұл әдісті қолданып суғарғанда қатар аралықтарының арасы ылғалданбағандықтан арам шөп шықпайды. Су көздері ретінде сква­жина, суғару трубалары, ша­ғын арықшалар, каналдар (канал­дың толып ағуы міндетті емес), колонкалар және әртүрлі су жина­латын ыдыстар (бөшке, цистерна т.б.) пайдаланылады. Бұл әдісті пайдалану аяқ судың келуін күт­пей-ақ ерте көшетпен егілетіндік­тен өнімнің өте ерте пісуіне әкеледі. Ол жабық (жылыжай) және ашық жерлерде бірдей пайдалануға мүм­кіндік береді. Тыңайтқыш суда ері­тіліп өсімдіктің тікелей тамырына беріледі.

Қазіргі кезде дүние жүзінде там­шылатып суғару екі түрлі жағ­дайда жүргізіледі. Біріншісі, шлан­галы түтіктер (израильдік) арқылы болса, екіншісі, ленталы түтіктер (америкалық) арқылы. Бұлардың айырмашылығы олардың салма­ғында: израильдік шлангілі труб­каларға қарағанда ленталы труб­калар әлдеқайда жеңіл (1000 есеге дейін) және сатып алу бағалары өте арзан. Бұл ленталы трубкалармен су­ғару әдістерін пайдалану қазіргі кезде негізінен арнаулы техника­мен үлкен алқаптарда егу проце­сімен бір мезгілде іске асырылады.

Тамшылатып су­ғару әдісін аз көлемді жерлерде (есік алды, саяжай және аз көлемді жері бар фермаларда) пайдалануға болады. Аз кө­лемді және алқапты жерлерде де ленталы трубкалармен тамшыла­тып суғарып егу тиімді. Күзде егіс мерзімі аяқталысымен құрылғылар оңай жиналып, кез келген жабық ғима­раттарда сақталады. Көктем­де оларды қайтадан пайдалануға болады.

Жалпы, бұл әдісті пайдалану өнімнің өзіндік құнын 10 есеге дейін арзандатуға қол жеткізеді.

Тамшылатып суғарудың артықшылығы

Бұл тәсілдің артықшылығы өте көп:

суды үнемдейді арамшөптің шығуына жол бермейді өсімдікті құрғақшылықтан сақтайды, көп жұмыс күшін қажет етпейді судың өсімдік тамырына тікелей және қажет мөлшерде жетуіне мүмкіндік береді.

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер