Шөптікөл ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы әкімшілік бірлік. 2010 жылы құрамына қысқарған "Приишим ауылдық округінен" 1 елді мекен қосылған.

Әкімшілік құрамы Құрамына Шөптікөл, Жаркөл, Қоңырсу, Разгульное, Үлкен Талсай ауылдары кіреді. Орталығы – Шөптікөл ауылы.

Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1514 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы ауылдық округтері