Чеджудо́ () — Оңтүстік Кореядағы ең үлкен арал және ең кіші провинция. Оның әкімшілік орталығы — Чеджу қаласыЕгер әңгіме арал туралы болса, онда ол ханча тілінде «Чеджу-до» 濟州島 деп жазылады, ал провинция туралы айтылса, онда 濟州道 деп жазылады. Арал Корей бұғазында, 1946 жылға шейін Чеджу бөлігі болған, Чолла-Намдо провинциясының оңтүстік-шығысына таман орналасқан.

Атауы Корей тілінде до — «арал» (島) және «провинция» (道) деген қытай иероглифтерінің фонетикалық транскрипциясы. Сондықтан Чеджудо атауы арал деген мағынаны да, әкімшілік бірлікті де білдіреді.

Қазақша Ресми атауы Хангыль Чеджу (арал) Чеджудо 제주도 Чеджу (провинция) Чеджудо 제주도 Чеджу (қала) Чеджу-си 제주시

Төменде аралдың тарихи атаулары көрсетілген:

Тои (도이, 島夷) Тоңъёнджу (동영주, 東瀛州) Чухо (주호, 州胡) Тхаммора (탐모라, 耽牟羅) Сомна (섭라, 涉羅) Тхаңна (탁라, 竣羅) Тхамна (탐라, 耽羅)

Әкімшілік бөлінісі Чеждудо екі қалаға(«си») бөлінген. Келесі кестеде олардың атаулары қазақша оқылуымен, хангыльда және ханчада көрсетілген. Сондай-ақ 2006 жылға дейін бұл аралда қос уезд болған — Намчеджу (Солтүстік Чеджу) және Пукчеджу (Оңтүстік Чеджу). 2006 жылы олар Согвипхо қаласымен біріктірілген.

Карта № Аталуы Хангыль Ханча Әкімшілік статусСурет:Jeju-do sub map.png1Чеджу제주시濟州市Қала2Согвипхо서귀포시西歸浦市Қала

Провинция нышандары Гүл: Рододендрон ( — Чхамккот) Ағаш: Камфор ағашы ( — Нокнаму) Құс: Ақжон тоқылдақ ()

Бауырлас-аймақтар Келесі аймақтардың барлығы арал болып саналады: Хайнань (Қытай) Гавай аралдары (АҚШ) Сахалин (Ресей) Бали (Индонезия)

Сыртқы сілтемелер Чеджу-до аралы Чечжудо Jeju

Дереккөздер

Санат:Корея Санат:Оңтүстік Кореяның әкімшілік бөлінісі