Егорин Иван ПавловичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы. 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарым ауданы (қазіргі Катонқарағай ауданы), Үлкен-Нарым селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1929 жылы алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Куйбышев атындағы колхозға жұмысқа кіреді. 1934 жылы тракторшылар курсын бітіріп, 5 жыл өз колхозында тракторшы болып еңбек етеді. 1939 жылы оны тракторшылар бригадасының бригадирі етіп тағайындайды. 1945 жылы бригада межеленген 1114 гектардың орнына 1942 гектар жерді өңдеп, жоспарды 173%-ке орындайды; 1946 жылы жоспарды 125% орындайды; 1947 жылы1824 гектар жер өңдеп, жоспарды 110%-ке орындайды.

Марапаттары 1945 жылы жоспарды асыра орындағаны үшін ҚазССР Жоғарғы Советінің мақтау қағазымен және "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін" медалімен марапатталады. 1946 жылғы жоғарғы көрсеткіштері үшін "За трудовую доблесть" медалімен марапатталады. Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Катонқарағай ауданында туғандар