Мария Григорьевна ЛеснаяГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының звеношысы. 1912 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Сарқан ауданы, Покровка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылы "Красное Знамя" колхозына кіріп жұмыс істейді. 1946 жылы мол түсімді астық дәнді дақылдар бойынша егіншілер тобының звеношысы етіп тағайындалады: 1946 жылы оның тобы күздік бидайдың жоспарланған 10 центнерінің орнына 63 гектар жердің әр гектарынан 12,5 центнерден өнім жинайды. 1947 жылы межеленген 10,6 центнердің орынан 40 гектар жердің әр гектарынан 18,6 центнер астық жинауға қол жеткізеді. 1948 жылы 26 гектар жердің әр гектарынан 34 центнерден бидай алады. Еңбектері жоғары бағаланып барлық топ мүшелерінің әр қайсысы "За трудовую доблесть" медалімен наградталады. 1948 жылы Сарқан аудандық еңбекші депутаттары Советінің депутаты болады. 1950 жылдан КОКП мүшесі.
Наградалары "За трудовую доблесть" медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948) Медальдар
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері