Надбережный Павел ИосифовичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), механик. 1905 жылы Украинада, Киев облысы, Изонковск ауданы, Финевичи селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 14 жасынан байларға жалшы болады. 1929 жылы тракторшылар курсын бітіріп, Озеро-Пушкинский совхозында механик болып істейді. 1934-1937 жылдары - Омбы облысында инженер-механиктің көмекшісі . 1937-1940 жылдары - Омбы облысы, "Коммунист" бидай совхозында орталық жөндеу шеберханасының бастығы. 1940 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Талдықорған облысы, Шанханай МТС-да аға механик болып істейді. 1945 жылы жақсы жұмыс көрсеткішінің арқасында тракторлық жұмыстардың жоспары 128% -ке, 1946 жылы - 121% -ке, 1947 жылы - 131% -ке орындалады. Шанханай МТС-ның қызмет көрсетуімен колхоз 665 гектар жаздық бидайдың әр гектарынан 21,72 центнерден өнім жинаған. 1948 жылы Талдықорған облысы, Гвардияшылар аудандық Советінің депутаты болды.

Наградалары ҚазССР Жоғарғы Советінің грамотасы (1945) "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері