thumb|right|200px| Мирмекида көгілдір көбелегі ( (Christoph, 1877)) — Көккөбелектер тұқымдасының Aricia chinensis туыс тармағына жататын сирек кездесетін ерекше түр.

Бұл түрше - Орта Азияның қуаңшылдық аймақтарының жергілікті түрі. Каспий маңынан солтүстік-шығыс Қытайға дейін таралған. Қазақстан мен Орта Азияда сирек, дараланып кездеседі. Республика жерінің тек Іле өзені аңғарынан табылған. Сексеуіл мен астрагал бұталары аралас түрлі шөпті-астық тұқымдасты ашық жерлерде, құмда және ұсақ тасты шөлде тіршілік етеді. Көп жерлерде биотопты мал таптап тастайды, сонымен қатар ағаштар мен бұталарды кесу жиіледі.

Жылына бір рет ұрпақ береді. Маусым, шілдеде ұшады. Жұлдызқұрты үшкір құтаншөпте () тіршілік етеді.

Санат:Қабыршақ қанаттылар