Пак Елена АлександровнаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, егіншілер бригадасының бригадирі. 1910 жылы Ресейде, Приморье өлкесінде туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1925-1932 жылдары бастауыш мектеп мұғалімі болып істейді. 1932 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, МОПР ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. 1945 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады: 1945 жылы оның бригадасы 1 гектар жерден 37 центнерден күріш алып, жоспарды 100% -ке, ал бидайдың әр гектарынан 12,5 центнерден өнім алып, оның жоспарын 104% -ке орындайды. 1947 жылы жаздық бидай өнімін көтеріп, межеленген 9% -тің орнына, 19 гектар жердің әр гектарынан 30,4 центнерден астық жинайды.
Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері