Панкин Михаил АлексеевичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі. 1913 жылы Ресейде, Саратов облысы, Балашов ауданы, Котовроз селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1931 жылы Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданына қоныс аударғаннан кейін, күріш совхозына күріш алабын суарушы болып жұмысқа кіреді. 1932 жылы тракторшылар курсын бітіріп 1938 жылға дейін Үштөбе МТС-да тракторшы болып істейді. 1942 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып Ұлы Отан соғысына қатысады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін "За оборону Сталинграда" және "За отвагу" медальдарымен наградталады. 1944 жылы майданда КОКП мүшелігіне өтеді. Соғыстан кейін 1946 жылы Үштөбе ауданы, "Дальний Восток" колхозында тракторшылар бригадасының бригадирі болып істейді. Сол жылы оның бригадасы жоспарды 157% -ке орындап, өкімет оны "Құрмет белгісі" орденімен наградтайды. Тракторлық жұмыстардың тоқтаусыз қызметінің арқасында колхоз 1947 жылы бидайдың 150 гектар жердің әр гектарынан 20,8 центнерден, ал қант қызылшасының 150 гектар жерінің әр гектарынан 361 центнерден өнім алады.

Наградалары "Құрмет белгісі"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері