Шалғын құладын - түз құладынға ұқсас бірақ одан денесі кішірек (200-380г, қанатының алымы - 115 см шамасында) құладын. Қанатының ұшындағы қара түстің көптігімен, сондай-ақ онда көлденең қара жолақтардың болуымен ерекшеленеді. Аналығы мен жас балапандары бірінен-бірін ажырату қиын. Бүкіл Еуразия және Солтүстік Африкада орын тепкен. Қазақстандағы ірі өзендердің жайылмасына жақын және тау баурайында өмір сүреді. Ылғалды биотопты ұнатады. Салындыда 4-5 қоңыр секпілді ақ жұмыртқа болады. Балапандарды басып шығару кезеңі - бір ай. Балапандар ұяда 35 күн болады, алайда бір аптадан соң, тіпті одан да кешірек ұша бастайды. Ұялау орнына сәуірде ұшып келіп, қазанда ұшып кетеді. Алматы, 2010ж., Құстар энциклопедиясы, Қазақстан жануарлар сериясы, 180 бет. Дереккөздер

Санат:Сұңқартәрізділер