Галатасарай футбол клубы () — Түркия біріншілігінде өнер көрсететін Ыстамбұл қаласының кәсіби футбол клубы.
1905 жылы құрылған клуб өз елінің 46 трофейін оның ішінде 19 дүркін Түркия чемпионатын,14 дүркін Түркия кубогын ,13 дүркін Түркия суперкубогын,УЕФА кубогын және УЕФА суперкубогын ұтқан.1959 жылдан бастау алатын Түрік Супер Лигасының барлық 55 сезонында ойнаған үш команданың бірі.2000 жылы УЕФА Кубогын және УЕФА Суперкубогын ұтып, Еурокубокты ұтқан алғашқы түрік клубы болып табылады.Айта кетерлігі, УЕФА кубогын турнирде еш жеңіліссіз жеңген болатын.Супер лиганың қатарынан 4 мәрте (1997, 1998, 1999 және 2000) ұтқан жалғыз футбол клубы.1999/00 сезонында клуб Супер лиганы, Түрік кубогын, УЕФА кубогын және TSYD кубогын ұтып алып сирек кездесетін жетістікке қол жеткізді.2001 жылдың қаңтарында «Әлемнің ең үздік клубы» атағын иеленген жалғыз түрік кубогы болып табылады.
Галатасрайдың жергілікті стадионы — Түрік Телеком Арена — 52,695 жанкүйерді сыйдыра алатын,«Гиннесс рекордтар кітабына» сәйкес футбол әлеміндегі ең шулы стадион (131.76dBA).,
Галатасарайдың Ыстамбұл қаласынан шыққан ежелден бері келе жатқан бақталастары атап айтқанда: Бешикташ және Фенербахче бар, ал соңғысымен болатын дерби (Құрлықаралық дерби()) футбол әлеміндегі ең үлкендерінің бірі болып табылады.
Галатасарай — Туиттер және Фейсбук әуелметтік желілерінде 10 миллионнан астам жанкүйерлері бар үш клубтың бірі.Клубтың шамамен 25 миллион (38% Түркиядан басқа елдер) жанкүйері бар.
Тарихы 100 жылдан астам тарихы бар Галатасарай футбол клубы Түркияның ең табысты клубы болып табылады. 1905 жылдың қазанында Галатасарай лицейінің оқушылары Галатасарай атты жаңа футбол клубын құруға бей байлады. Бұл ойды бастаған және жүзеге асыруға атсалысқан Али Сами Йен бастаған Емин Булент, Бекир Сіткі,Решат Чирвани, Желал Ибрахим, Тахсин Нихат, Абидин Давер және Резик Жевдет есімді сол кездегі лицейде оқитын жасөспірім балалар болатын.Алғашқы ойынын Кадыкөй () әуесқой футбол командасына қарсы ойынында 2-0 есебімен жеңіске жетті.
Клубтың атауына келгенде біреулер Gloria(жеңіс) деп қою керек десе, енді біреулері Audace(ерлік) болуы керек деген, алайда клубқа Галатасарай лицейінен бастау алатын Галатасарай(Галата-Ыстамбұлдағы тарихи аудан,Сарай-сарай) атауын беру керек деп шешті.
Түркия футболын зерттеуші— Жем Атабейоглуның ойынша грек клубына қарсы алғашқы ойындардың бірінде 2-0 есебімен жеңіске жеткен Галатасарайды көрермендер Галатасарайының мырзалары деп атаған. Осы оқиғадан кейін клубтың есімі Галатасарай атаныпты-мыс.
1905 жылы Осман империясының тұсында бірде-бір футбол ассоциациясы туралы заң болмады.1912 жылы ғана футбол ассоциациясы туралы заң қабылданып, клуб заңды түрде тіркелген болатын.
Клубтың алғашқы президенті Али Сами Йен болып табылады.Алғашында Галатасарай Түркия байрағын дәріптейтін қызыл және ақ түсті киім киген, алайда мемлекет басқару органдары ойыншыларға күдікпен қарап, қадағалауға кіріскен соң, клуб басшылары клуб түсін ауыстыруға мәжбүр болған.
Аңыз бойынша 1481 жылдың қысында Сұлтан Баязид Галата төңірегінде аң аулап жүріп, раушандармен безендірілген жақсы күйдегі бір лашық үйге кездеседі.Осы жерде тынығып алған сұлтан лашықтың қожасы — Гүл Бабамен кездесіп оған өзіне көрсеткен құрметі үшін сый беретінін айттады.Гүл Баба падишаға сары және қызыл түсті екі раушан беріп, бұл жерге мектеп және аурухана салуын тілейді.Осылайша Галатасарай лицейі құрылғандықтан, клуб басшылары клубтың түсін Гүл Бабаның Сұлтан Баязитке берген раушандарының түстеріне, яғни қызыл және сарыға ауыстырды.
Түркия футбол дамып келе жатқан кезде 1952 жылға дейін Галатасарай 10 мәрте Ыстамбұл лигасының, алты мәрте Ыстамбұл сенбі лигасының, үш мәрте Ыстамбұл жұма лигасының жеңімпазы атанды.
1952 жылы Түркиядағы алғашқы кәсіби бірақ ұлттық емес лига - Ыстамбұл кәсіби лигасы құрылды.1952 және 1959 жылдар аралығында ойнатылған лиганың Галатасарай үш мәрте жеңімпазы болды.
1959 жылы Түркиядағы алғашқы кәсіби лига - Түркия кәсіби 1. лигасы() немесе Ұлттық лига () құрылды.Қазіргі таңда Супер лига атауымен аталатын бұл лига Түркиядағы ең танымал бәсеке болып табылады.Барлық сезонына қатысқан Галатасарай осы уақытқа дейін 18 мәрте жеңімпаз болды.
1962 жылы Түркия футбол федерациясы түрік футбол клубтарын УЕФА бәсекелерінде ойнауға үлес қосу үшін «Түркия кубогын» ұйымдастыруға бел байлады.Бұл Түркиядағы жалғыз ұлттық деңгейдегі кубок болып табылады.Галатасарай барлық сезонына қатысып, оның 14-ін қанжығасына байлады.
Галатасарайдың табысты кезеңі 90 жылдың аяғы болатын.2000 жылы Фатих Терим басқарған клуб УЕФА Кубогында жеңіске жетіп(Финалда лондондық Арсеналды жеңді), содан кейін УЕФА Суперкубогына таласқан мадридтік Реалды тізе бүктірген.
Командаға Георге Хаджидің келуі сәтті болды:2005 жылы Түркия Кубогынын иегері атанды.
2008 жылы Түркия біріншілігінде жеңіске жеткенмен, командадан аты аңызға айналған Хакан Шукюр футболдық карьерасын аяқтады.
Клубтың тарихында бұрын болмаған сәтсіздіктен (2010/2011 жылғы сезонда 8 орын) кейін, Галатасарайдың құрамы түгел дерлік өзгеріп, тренер ретінде атақты Хакан Шукюр келді.
2013 жылдың қысында клубтың құрамы футбол әлемінің жұлдыздары — Весли Снейдер және Дидье Дрогбамен толықты.УЕФА Чемпиондар Лигасының 2012/13 сезонында Галатасарай 1/4 финалға дейін барды.
Галатасарайда ойнап, Түрік футболында өшпес із қалдырған табысты ойыншылар жетерлік. Атап айтқанда: 30 жылдардағы атақты ойынша — Ешфак Айкаш; небары 21 жысында қайтыс болған — Бодури; Жалғыз ғана ойында қарсылас қақпасына 14 гол соққан — Мечмет Леблеби; Бапкер болып та ойыншы болып та өз жұмысын жақсы атқарған — Гүндүз Кылыш; 1954 жылғы әлем чемпионатында хет-трик жасаған — Суан Мамат; Өз өмірін Галатасарайға арнаған — Жошкун Өзарі; «Берлин пантері» атағына ие болған қақпашы — Тургай Шерен; Галатасарай және Түркия ұлттық құрамасының капитаны, бапкер ретінде УЕФА кубогын ұтқан — Фатих Терим; 6 дүркін Супер лиганың бомбардирі — Метин Октай; Пенальти тіреудің шебері — Зоран Симович; Галатасарай үшін 342 ойын өткізген — Жунейт Танман; Әлем чемпионы—Бразилияның қақпашысы — Таффарел; Әлі күнге дейін Түркияда ең үздік ойнаған шетелдік азаматтардың бірі,Румыниялық — Георге Хаджи; 2000 жылы УЕФА суперкубогының финалында мадридтік Реалға қарсы ойынында екі голдың авторы,жанкүйерлер Супер Марио деп атап кеткен бразилиялық — Марио Жардел және Түркия Супер лигасында ең көп гол(249 гол) соққан — Хакан Шюкюр.
Клуб формасының түсі, формасы, эмблемасы
Клубтың түсі және формасы Бастапқыда Галатасарай қызыл және ақ,содан соң 1907/08 жылғы сезонда сары және көк түсті киім киген.1908 жылдың 8 желтоқсанынан бастап клуб Али Сами Йен таңдаған от және күштің символы ретінде қызыл және сары түсті киім кие бастаған.
Киім тарихы
Киім спонсоры Кезең Шығарушы Спонсор 1977–1978 ЖоқVolvo / PeReJa1978–1979 Çamlıca / Adidas None1979–1980 Umbro / Adidas Halı Fleks1980–1981 Puma/ Umbro / Adidas Telefunken / Alo]/ THY1981–1982 Umbro / Adidas Borsaş / Meban1982–1983 Umbro Meban1983–1984 Жоқ Telefunken1984–1985 Fatih / Adidas Modells / Denizbank1985–1986 Adidas Denizbank1986–1991 TürkBank1991–1992 Umbro ADEC Saat / Show TV1992–1995 Show TV/ Emek Sigorta1995–1997 Adidas VakıfBank1997–1998 Bank Ekspres1998–2000 Marshall2000–2001 Telsim2001–2002 Lotto Avea2002–2004 Umbro2004–2005 Avea2005–2009 Adidas2009–2014 Türk Telekom2011–2024 Nikehttp://www.galatasaray.org/futbol/futbol_as/haber/20531.php2014–2015 Turkish Airlines және HUAWEI
Клуб эмблемасы
Галатасарайдың алғашқы эмблемасын 1923 жылы Шефки Еге салған болтын.Бұл эмблемада бүркіт және оның тұмсығындағы доп бейнеленген.Алайда,1925 жылы Айетуллаһ Емин салған кәзіргі эмблемаға ауысқан болатын. Стадион
Али Сами Ен стадионы Галатасарай құрылған кезде түрік командаларының бірде-біреуінде өз алаңы болмаған.Ыстамбұл Футбол Лигасындағы барлық ойындар Папазын Чайыры(—қазіргі Фенербахченің Шюкрю Саражоглу стадионында( ойналған.1921жылы Ыстамбұлдағы алғаш футбол стадионы—Таксим Стадион салынған болатын.Ыстамбұлдағы барлық футбол клубтары осы алаңда өнер көрсеткен.Алайда, стадион 1940 жылы стадион бұзылып, оның орнына саябақ саллынды.Осы уақытта Галатасарай үлкен, заманға сай стадион салуға бел байлады.Бірақ, екінші дүниежүзілік соғысына байланысты, құрылыс екі онжылдыққа созылды.Осы кезде Галатасарай ойындарын Шереф() және Долмабахче() стадиондарында өткізді.
1964 жылы 20 желтоқсанда Али Сами Ен стадионы ашылды. Сол кезде стадионның сыйымдылығы 35000 болды.1996 жылдан бастап барлық орын отыруға арналған болып өзгертілді.2000 жылы Ыстамбұлдағы Олимпиада ойындарына байланысты Ататүрк Олимпиада стадионы салынғанда, Галатасарай УЕФА Чемпиондар лигасының ойындарын сол жерде өткізді.Али Сами Ен стадионы Галатасарай жанкүйерлеріне тарихи маңызды болғанымен сыйымдылығы аз және ескі болды. Сондықтан 2011 жылы жаңа Түрік Телеком Арена стадионы салынды.
Түрік Телеком Арена стадионы Галатасарай футбол клубының жаңа стадионы-Түрік Телеком Арена 2011 жылдың 15 қаңтарында ашылды.52695 жанкүйерді сыйдыра алатын стадион Түркиядағы ең үлкен стадиондардың бірі болып табылады.Ең алғашқы ойын Галатасарай және Аякс командаларының арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.Ең алғашқы гол Сивасспормен болған ойында Серват Четинның атына жазылды.
# Стадион КезеңTRT Website 1Папазын Чайыры()1905–19212Таксим()1921–19403Шерев()1940–19484Долмабахче()1948–19665Али Сами Ен()1966–19726Долмабахче()1972–19807Али Сами Ен()1980–19848Долмабахче()1984–19869Али Сами Ен()1986–200310Ататүрк Олимпиадиа стадионы()2003–200411Али Сами Ен()2004–201112Түрік Телеком Арена()2011–
# Стадион Жыл ойнады 1Али Сами Ен()342Долмабахче()283Таксим()184Папазын Чайыры()175Шерев()86Түрік Телеком Арена()37Ататүрк Олимпиадиа стадионы()1
Жанкүйерлер
Еурапалық ойындар Еуропа жаулаушысы атанған Галатасарайдың жанкүйерлері Еуропалық ойындарға көп көңіл боледі.Бұл лақап ат 1999/20 сезонында Галатасарайдың қанжығасына байланған УЕФА кубогы мен УЕФА суперкубогының маңыздылығына көңіл аударады.Галатасарай — әлемдегі қызу қолдайтын жанкүйерлері бар клубтардың бірі екендігі еуропалық клубтардың арасында кеңінен танымал.Манчестер Юнайтед клубының жыртылай қорғаушысы Райан Гигс бір сөзінде: Мен өмірімде мұндай кереметті бірінші рет көруім.Галатасарайға қарсы ойын басталмастан 2 сағат бұрын алаңға шықсақ алаңда алма түсер орын жоқ!Клуб әнұраны тіпті керемет — бір жақ бастады, екіншісі қостады, сәлден соң тыныштық және барлық стадион қосылып әнұран шырқады!Ойыншылар рахатқа бөленді.Басы тәтті, бірақ аяғы өкінішке орай қатты болды.
Рекорд Галатасрайдың жергілікті стадионы — Түрік Телеком Арена — 52,695 жанкүйерді сыйдыра алатын,«Гиннесс рекордтар кітабына» сәйкес футбол әлеміндегі ең шулы стадион (131.76dBA).
Галатасарайдың Түркиядағы әйгілігі 2000 жылдан бергі БАҚ өкілдерінің сауалнамасына сәйкес, Галатасарай — футбол жанкүйерлері арасында Түркиядағы ең әйгілі клуб болып табылады.2012 жылдың маусымында өткізілген соңғы сауалнамаға сәйкес, Галатасарай 41.8%-бен көш бастап келеді.Тиісінше, екінші орында — Фенербахче (35.9%), үшінші орында — Бешикташ (16.3%) және төртінші орында — Трабзонспор (4.7%) орналасқан.
Ыстамбұлдағы дербилер
Ыстамбұлдан шыққан Бешикташ, Фенербахче және Галатасарай футбол клубтары ғасырдан астам уақыт бойы бір-біріне бәсекелестік көрсетуде.Галатасарай-Фенербахче арасындағы ойын-Ыстамбұлдағы және Түркия футболындағы ең басты дерби болып табылады.Жанкүйерлердің пікірінше Супер лиганының дербиді ұтпай жеңімпазы болу — құр бекершілік.
Клуб жетістіктері
Халықаралық
УЕФА Суперкубогы Жеңімппаз (1): 2000
УЕФА Кубогы Жеңімпаз (1): 1999–2000
УЕФА Чемпиондар Лигасы Жартылай финал (1): 1988–1989 Ширек финал (5): 1962–1963, 1969–70, 1993–1994, 2000–2001, 2012–13 1/16 финал (2): 2001–02, 2013–14
УЕФА Кубок Иегерлер Кубогы Ширек финал (1): 1991–1992
Эмират Кубогы Жеңімпаз (1): 2013
Turkish Airlines Antalya Cup Жеңімпаз (1): 2014
Ұлттық Супер Лига