Цой Зя Ир Герои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), Қазақстанда колхоз құрылысын ұйымдастырушылардың бірі, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-нің директоры. 1906 жылы Ресейде, Приморье өлкесі, Владивосток ауданы, Нежино селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1938 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе МТС-да директорының орынбасары болып істейді. 1940 жылы Үштөбе МТС-ның директоры болады. Үштөбе МТС-ы оның басқаруымен республикада алдыңғы қатарлы стансалардың бірі болады: 1945 жылы тракторлық жұмыстар көлемі 134%-ке, ал астық дәнді дақылдардың заттай төлемі - 123%-ке орындалады. 1946 жылы жоспарланған 21 мың гектар жердің орнына 26,4 мың гектар жер жертылып, ал заттай төлем жоспары 19,3%-ке орындалған. Колхоз тракторлық жұмыстардың қажырлы еңбегінің арқасында егін алқабынан мол өнім жинайды: қант қызылшасының 622 гектарынан 321 центнер, соның ішінде 298 гектардың әр гектарынан 412 центнерден өнім; ал жаздық бидайдың 3243 гектарынан 15,7 центнерден, соның ішінде 762,5 гектардың әр гектарынан 24,98 гектардан дән алынған.

Наградалары "Құрмет белгісі" ордені (1945) Еңбек Қызыл Ту ордені (1946) "За победу над Германией" медалі (1946) "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері