Жақсыбай — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Жақсыбай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Жәнібек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 111 км-дей жерде, жусан аралас еркекшөп, көде, көкпек өскен сортаңды ақшыл қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1404 адам (715 ер адам және 689 әйел адам) болса, 2009 жылы 1315 адамды (671 ер адам және 644 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1043 адамды (533 ер адам және 510 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1965 жылы Свердлов атындағы қой шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Кейіннен (1997) оның негізінде Жақсыбайда “Өркен” өндірістік кооперативі мен 77 шаруа қожалықтары құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.Қазақ ЭнциклопедиясыБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері