Сүлейменов ЫсқақГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Октябрь колхозының қызылшашылар бригадасының бригадирі (1943). 1916 жылы Жамбыл облысы, Жалпақтөбе ауылында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі 1936 жылы "Октябрь" ұжымшарына жұмысқа кіріп, қатардағы колхозшы болып еңбек етеді. 1943 жылы қызылшашылар бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Бригада жоспарды жыл сайын асыра орындап, қант қызылшасынан мол өнімін алып отырды: 1945 жылы 22 гектар жердің әр гектарынан межеленген 180 центнердің орнына 481 центнерден; 1946 жылы 220 центнердің орнына 521 центнерден; 1947 жылы 220 центнердің орнына 638 центнерден.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері