И цзин - (Yìjìng, Yiqing, I-Tsing или YiChing) - (635–713) — Қытай саяхатшысы әрі буддизм насихаттаушы.
671 жылы Үндістанға сапар шегіп, бірқатар мемлекеттерді аралады.
695 жылы Қытайға қайтып оралды. Көптеген будда жайлы кітаптар жинаған.
И цзиннің саяхаты мен аудармашылық қызметі Қытай мен Үндістанның мәдени байланыс тарихында көрнекті рөл атқарды. Ол жазған еңбектер Үндістанның буддизм тарихын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеу үшін маңызды. Олардың кейбіреулері Батыс Еуропа тілдеріне аударылды.
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:Буддизм тұлғалары Санат:635 жылы туғандар Санат:713 жылы қайтыс болғандар Санат:Саяхатшылар