Тодзио Хидэки - жап. 東條 英機 То:дзё: Хидэки — (30-шы желтоқсан 1884 жыл – 23-ші желтоқсан 1948 жыл) - жапон саясаткер және әскербасы, генерал. Хидэки Тодзио 1884-ші жылы Кодзимати қаласында Жапония Император әскерінің генерал-лейтенанты Хидэнори Тодзё-ның отбасында үшінші ұлы болып туған. 1937–1938-ші жылы Кватун армиясы штабының бастығы. 1938–1939-шы жылы әскери министрдің орынбасары. 1940-шы жылы шілде – 1941-ші жылы қазан — әскери министрі. 1941-ші жылы қазан – 1944-ші жылы шілде — премьер-министр әрі әскери министр. Фашисттік Германия КСРО-ға қарсы соғыс ашқан кезде, Германияға барынша көмектесу саясатын жүргізді. 1941-ші жылы Тынық мұхитта соғыс ашуда зор роль атқарды. Қиыр Шығысқа арналған Халықаралық соғыс трибуналының үкімімен дарға асылды. Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Жапония тұлғалары Санат:Жапония тарихы Санат:1884 жылы туғандар Санат:1948 жылы қайтыс болғандар