Жұмат Досқараұлы - (1887 — 6 шілде 1972) — кеңестік қазақ тіл білімінің маманы, диалектолог және ұстаз. Ол қазақ диалектологиясының дамуына зор үлес қосты, осы тақырыпқа арналған 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Өмірдерек 1887 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында өмірге келді. Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.https://ru.rodovid.org/wk/%D0%A1%D0%BB%D1%83%D0%B6%D0%B5%D0%B1%D0%BD%D0%B0%D1%8F:Tree/540193Тілеке Жеңіс, Шежіре. Ертіс-Баянауыл өңірі, 1995, ISBN 5-615-0177553-8. Павлодар Дауа-Қазақстан

1925 жылы Семей педагогикалық техникумын, ал 1937 жылы Самарқан мемлекеттік университетін бітірді.

Павлодар облысының оқу бөлімінде, Қарақалпақ АКСР-де педагогикалық институтта және Қазақ мемлекеттік университетінде қызмет атқарған.

1944 жылы «Оңтүстік диалектісінің ерекшеліктері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

1945-54 жылдары Жұмат Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл білімі иститутында қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы бөліміні меңгерушісі болды.

1954-65 жылдары аға ғылыми қызметкер болды.

Үлесі Досқараұлы Қазақстанның барлық аудандарына диалектологиялық экспедиция ұйымдастырып, бағалы материал жинады. Жұмат — қазақ тіл білімі диалектологиясы, семасиологиясы, кәсіби сөздер, тіл тарихы жайлы көптеген ғылыми еңбектерінің авторы. Досқараұлының бастауыш мектептің 2 сыныбына аралға «Ана тілі» оқулығы 1947 жылда 1958 жылға дейін 12 рет басылып шықты.

Әдебиет “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері, 2-бөл., А.,1955 Қазақ тілі тарихы мен Диалектологиясының мәселелері, А., 1963

Дереккөздер

Санат:Педагогтар Санат:Тілтанушылар Санат:1887 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар