Нұрлыкент (2007 жылға дейін – Бурно -Октябрьское)Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бурно-Октябрь ауылдық округінің және Бурно-Октябрь ауылының атауларын өзгерту туралы — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Нұрлыкент ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Бауыржан Момышұлы ауылының Солтүстік-Шығысына қарай жеті километрдей жерде, Теріс-Ащыбұлақ бөгенінің батысында орналасқан. Тауға тән шалғынды-боз және сұр топырақ қалыптасқан құрғақ қоңыржай жылы агроклиматтық белдемде жатыр. Онда бетеге, боз, көде, күйреуік тағы басқа астық тұқымдасты шөптер өседі.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3646 3695 101,3 1862 1917 103 1784 1778 99,7

Ауылда ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Оқу-ағарту және денсаулық сақтау мекемелері бар. Нұрлыкент арқылы Алматы — Шымкент автомобиль жолы өтеді. “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том

Тарихы Бурнооктябрь - аудандағы ең көне елді мекендердің бірі. Іргетасы 1917 жылғы Қазан төңкерісі алдында қаланған. Теріс өзенінің Солтүстік беткейіндегі осы бір шұрайлы жерді қызыл көрген түлкідей бас салған Ресей переселендері көшеге бөліп, үй сала бастайды. Өздері Теріс өзенінің балғын балығын аулап, оның суымен егіс алқаптарын суарған. Селоның атын Иванов есімді кулактың құрметіне Бурно-Ивановск деп атайды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін селоға Бурнооктябрьское деген атау берілді.

Теріс өзенінің Солтүстік қапталынан Қаратау жоталарының етегіне орналасқан Бурнооктябрский селосының айналасы таулы алқап. Бұл өңірде жабайы тау сағызы қалың өсетіндіктен ХІХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары бұл өңір орыс ғалымдарының назарын көп аударған. Орталықтан келген арнайы экспедиция жылдар бойы зерттей жүріп Бурнооктябрь ауылы маңындағы таулы алқаптан шөлге төзімді тау сағыздың мәдени түрін өсіріп, оны каучук өнеркәсібіне шикізат ретінде пайдалануға болады деп шешкен. 1928 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі Жарлығымен "Бурнооктябрь" селосында каучук өнеркәсіп шаруашылығы, каучук промхозы ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары "Каучук промхозы" орнына Бурный кеңшары құрылып, ол енді тау сағызы орнына картоп дақылын өсірумен шұғылданды. 50-ші жылдары бұл шаруашылық әскери ведомство құрамына енгізіліп, Кеңес Одағы тараған соң, аудан құрамына қайтарылды.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері