Жылыбұлақ ауылы — Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Билікөл өңіріндегі әруақты, киелі жерлердің бірі "Жылыбұлақ" ауылы маңында қорым болған бір биіктің етегінен үш бұлақ жер астынан қайнап шығып жатыр. Екеуінің суы ащы, біреуінің суы тұщы. Бұл бұлақтар қыста қатпай, буы бұрқырап жатады, суы жылы. Жергілікті халық ежелден бұл бұлақтарды қасиет тұтып, "Әулие су" деп тәу етіп келеді. Бұлақ суын шаруашылық егістігі үшін пайдаланады. Ауыл атының "Жылыбұлақ" аталуы осы бұлақтарған байланысты қойылған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде.
Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен301 275 91,4 149 137 91,9 152 138 90,8
Дереккөздер
Санат:Жуалы ауданы елді мекендері