Еңбекші — Жетісу облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Еңбекші ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Үшарал қаласынан батысқа қарай 23 км жерде, Сайқан жотасының етегінде, Шынжылы өзенінің аңғарының жусан, көкпек, бұйырғын өскен сұр және шалғынды-сұр топырақты шөлейт белдеміне орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен17831465 1249 85,3 731 669 91,5 734 580 79
Тарихы Іргесі 1932 жылы қаланды. Ильич атындағы кеңшардың және Қарабұлақ ауылдық кеңесінің орталығы болған. Кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы елді мекендері