thumb|left|Bison priscus thumb|left|Рога Bison priscus thumb|left Алғашқы зубр (Bison priscus) - қазбадан табылған сыйыр тұқымдас жануар.

Турға қарағанда Алғашқы зубрдың маңдай сүйегі жаалпақ, мүйізі үлкен, ұшы алшақ болған. Ол плейстоцен дәуірінде Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа құрлықтарда кең тараған. Алғашқы зубрдың бірнеше түр тармағына жататын қазба сүйек қалдықтары Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Орал облыстарынан табылған.

Алғашқы зубрдың кейінгі ұрпақтары - осы кездегі зубр және бизон. Алғашқы зубрды ертедегі тас дәуірі кезінде адам аулаған.

Сыртқы сілтемелер Steppe Bison - Yukon Beringia Interpretive Centre

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Қуысмүйізділер Санат:Жойылып кеткен жануарлар