Жарқырауық қоңыздар () – құпия фосфор шұғыласын шашу қабілетімен танымал қоңыздар тұқымдасы. Тұқымдаста 2000-нан астам уәкілдері бар. Көбінесе сәуле тарату мүшелері әдетте жәндіктің құрсақ ұшында орналасқан. Ол жарқын кутикуламен жабылған және ірі фотгендік жасушалардан тұрады. Онда жүйке мен кеңірдек орын тебеді. Әдетте оларды сәуле түсіргіш қызметін атқаратын зәр қышқылының кристаллдарымен толтырылған жасушалар бүркейді. Майтәріздес заттардың (люциферин) қышқылдану реакциясы нәтижесінде қоңыздар шұғыласын шашады. Кейбір жарқырауықтар оның сәулесі мен ұзақтығын жалғастыруға қабілетті болып келді.
Биолюминесценция thumb|Биолюминисценция құбылысының схемалық бейнесі. Жанды ағзалардың сәуле таратуы (биолюминесценция)табиғатта кеңінен таралғандығын айта кету қажет. Бактериялар, саңырауқұлақтар да жарық береді, ал жануарлар арасында теңізді мекендейтін сан алуан тіршілік иесі мұндай қасиеттен мақұрым емес. Құрлықтағы жануарларда бұл құбылыс сирек кездескендіктен, шұғыла шашудан қоңыздар көш бастап тұр. Ғалымдар жарқырауық биолюминесценциясы - аталықтар мен аналықтар түн түнегінде бір-бірімен танысуға арналған қарым-қатынас құралы деген анықтама береді.
Кавказдың таулы тоғайларында жазғы түндері Люциола мингрелика деп аталатын ұшқыш жарқырауықтарға тамсануға болады, сансыз ұшқындар көк жүзінде билеп жүргендей әсер қалдырады. Жарқырауықтардың аналықтары мен талықтары да шұғыла түсіріп, әркелкі жарқырайды.
Жарқырауық қоңыздар шұғыласының жоғарғы тиімділігі таң қалдырарлық-барлық жұмсалған қуаттың 98%-ы бірден сәулеге айналады, ал энергия сақтаушы шырақта бұл тек 45%-ды ғана құрайды.
Малазиға барған адам Птероптикс тегінен шыққан жарқырауықтарды қызыға тамашалай алады. Олар талдарға қонақтап, деміл-деміл өз "шырағдандарын" сөндіріп қосады. Нақ бір бұтақтар жаңа жылдық әшекейлерге оранғандай кейіпке енеді. Ал ең керемет жарқырауықтар-пирофорлар - Американың тропикалық ормандарын мекендейді. Бұл қоңыздар 4-5 см-ге жетеді, олардың қос бірдей шұғылалы мүшесі бар: құрсақтағы "шырағдан" қызғылт-сары түспен, ал кеудедегі "шырағдан" жасыл реңмен құлпырады. Пирофорлар шығаратын сәуленің күштілігі жәндіктер әлемінді рекордтық көрсеткішке ие - бұл қоңыздан 150 "Иван шылаушындарының" () шұғыласы тарайды. Жергілікті тұрғындар, қалпақтарына бірнеше пирофорларды қыстырып алып, түн түнегінде жолдарын адаспай таба алады!
Еуразияның қалыпты аймағында кең таралған қарапайым жарқырауықтың тек аналықтары ғана кешке сәуле шашады. Қанаты жоқ, құрттәріздес бұл жәндік қоңыздың дернәсіліне ұқсайды, сол себептен Иван шылаушыны деген есімге ие. Қалың шалғын ішінде отыратын оның шұғыласына жан-жақтан ұзын денелі қанатты аталықтар ұшып жинала бастайды.
Классификациясы Тұқымдас тармақтары: Amydetinae - Olivier, 1907 Amydetini - E. Olivier, 1907 Amydetes - Hoffmannsegg in Illiger, 1807 Magnoculus - McDermott, 1966 Psilocladini Ethra - Laporte de Castelnau, 1833 Photoctus - McDermott, 1961 Pollaclasis - Newman, 1838 Psilocladus - Blanchard in Brullé, 1846 Scissicauda - McDermott, 1966 Vestini Cladodes - Solier in Gay, 1849 Dodacles - E. Olivier, 1885 Dryptelytra - Laporte de Castelnau, 1833 Ledocas - E. Olivier, 1885 Vesta - Laporte de Castelnau, 1833 Cyphonocerinae - Crowson, 1972 Cyphonocerus Lampyrinae - Latreille, 1817 Cratomorphini Aspisoma Cratomorphus Micronaspis Pyractomena Lamprocerini Lampyrini - Latreille, 1817 Lampyris - Geoffroy, 1762 (Müller, 1764) Lampyris noctiluca - Linnaeus, 1767, Иван шылаушын Nyctophila Pelania Pyrocaelia - Linnaeus Pyrocaelia rufa - Olivier, Пироцелия Photinini Lamprohiza - Motschulsky, 1852 Lamprohiza splendidula - Linnaeus, 1767 Phosphaenus - Laporte de Castelnau, 1833 Phosphaenus hemipterus - Goeze, 1777 Phosphaenopterus Pleotomini Luciolinae - Lacordaire, 1857 Luciolini Luciola - Laporte de Castelnau, 1833 Luciola italica - Linnaeus, 1767 Lampyroidea Atyphella - Olliff, 1890 Pteroptyx - Olivier, 1902 Pyrophanes - Olivier, 1885 Ototretinae - McDermott, 1964 Ototretadrilinae - Crowson, 1972 Photurinae - Lacordaire, 1857 Pterotinae - LeConte, 1861 Incertae Sedis («екіүшты таксондар»): Oculogryphus Pterotus - LeConte, 1859
Галерея
Сыртқы сілтемелер С. Б. Ланда — Коммуникация у светляков Светляки (Lampyridae) Atlas of family Lampyridae of Russia
Дереккөздер Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012.
Санат:Қатты қанаттылар Санат:Жарқырауық қоңыздар