Жыланбалық тәрізді амфиума () - Солтүстік Америкада тараған құйрықты қосмекенділер отрядына жататын жануар.

Биологиялық сипаттамасы Дене пішіні құрт тәрізді. Түсі - қара-қоңырдан қараға дейін. Ұзындағы - 35 см-ден 76 см-ге дейін жетеді. 1 м 16 см-лік уәкілі де кездескен. Аяқтары өте кішкене, 2-3 саусағы бар, көзі шала дамыған әрі тері қабықпен жабылған.

Балаңқұрттарының желбезегі болады, ересектерінде желбезек болмайды, бірақ бұларда жұп желбезек саңлаулары өмір бойы сақталады.

Жыланбалық тәрізді амфиума судағы ұсақ омыртқасыздар, құрт, шаян тәрізділер және ұсақ моллюскілермен, балықтармен қоректенеді.

Таралуы Жыланбалық тәрізді амфиума АҚШ-тың оңтүстік-шығысында батпақты шалшық суларда Виргиния жағалауында, оңтүстік Миссисипида тіршілік етеді. Бірақ сусыз жерде де ұзақ уақыт бола алады.

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Roger Conant, Joseph T. Collins: A Field Guide to Reptiles & Amphibians. Eastern and Central North America. The Peterson Field Guide Series, Houghton Mifflin Company, Boston und New York 1998.

Санат:Құйрықты қосмекенділер