нобай|Әміре Әрін |жиекті|330x330 нүкте
Әміре Әрін (1957 жылдың 21 тамызында дүниеге келген, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Дөңши ауылы) - журналист, ақын. Қазақстанның Құрметті жазушысы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Әскер қатарындағы борышын ГДР-де өтеген. 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. 2013 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ғылым магистрі академиялық дәрежесін алды.
1978-2022 жылдар аралығында Қаратал аудандық «Коммунизм жолы» газетінде тілші, жауапты хатшы, Киров аудандық «Еңбек туы» газетінде редактордың орынбасары, Талдықорған облыстық «Жерұйық» газетінде аға тілші, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, «ТУЗ» АҚ бас директоры, республикалық «Спорт» газеті бас редакторының орынбасары, Алматы облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, Алматы облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы, Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 2018-2022 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры болды, 1922 жылдан «Жетісу» телеарнасында тележүргізуші және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Жетісу облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарып келеді.
Марапаттары
Алматы облысының Құрметті азаматы, Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Спортына еңбегі сіңген қызметкер. Қазақстанның Құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Бүкіләлемдік Шыңғысхан Академиясының академигі, Қазақстанның Журналистика академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының (2008 ж.) лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі.
«Құрмет» ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», "Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл", "Қазақстан Конституциясына 20 жыл", «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» медальдарымен, ҚР Президенті «Алғысымен», республикалық «Аманат» партиясының «Белсенді қызметі үшін» омырау белгісімен марапатталған.
Республикалық «Шыңғысхан» тарихи-этнологиялық, әдеби-қоғамдық журналының негізін қалаушы. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың және Сайдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ақ қарға алау жаққан Азиада» (2010 ж.) республикалық мүшәйрасының Бас жүлдегері, облыс және республика көлеміндегі өзге де мүшәйралардың жеңімпазы
Еңбектері
1999 жылы «Тылсым тыныс» атты деректі повесі, 2004 жылы «Тамызық» деген атпен өлеңдер жинағы, «Кенен жерім – Көксуым» публицистикалық еңбектер жинағы, 2006 жылы «Ауғанның от-жалыны» зерттеу кітабы, 2007 жылы «Маздақ» жыр жинағы, «Томирис» әңгімелер топтамасы, 2017 жылы «Айқабақ», 2025 жылы «Әлем мойындаған Мұқалы» тарихи эссесі жарық көрді. Топтама өлеңдері қазақ поэзиясының "Жыр жауһары" антологиясына, өзге де бірқатар республикалық жинақтарға енген.
Дереккөздер http://adebiportal.kz/authors/r-n-m-re/ Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Санат:Әдебиет Санат:1957 жылы туғандар Санат:Жазушылар