thumb| thumb| thumb|

Қазақ ешкі - ет, сүт, түбіт өнімдерін мол беретін көптеген ешкі тұқымдарының аралас түріне жатады. Ешкі он екі жыл ғана жасайды.

Жасы мен жынысына қарай ешкі малының атаулары; Лақ - алты айға дейінгі ешкінің төлі. Шыбыш - ерте туған ұрғашы лақтың бір жастан асқаны. Шыбышша - бір жастан бір-екі ай кішілігі бар, текеге шағылыспай қалған ұрғашы лақ. Лақ теке - туғанына алты ай болған лақтың тарттырылмай қалғаны. Серкешік - еркек ешкінің бір жастан асқанда тарттырылған еркек лақтың бір жастан асқаны. Теке - жыныс қабылеті жетілген еркегі. Туша - екі жастан асып барып лақтаған ешкі. Сақа ешкі - лақтап жүрген ірі ешкі. Ту ешкі - ешкінің текеден бір-екі жыл қашпай немесе қашып кетсе де буаз болмай, қысыр қалғаны. Серке - ешкінің тарттырылған еркегі, жасына қарай құнан, серке, дөнен деп аталады. Азбан теке - алты-жеті жастағы текенің тарттырылып жіберілгені. Бас серке - ені тарттырылған текенің төрт-бес жастағысы.

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 "Ұлттық атаулар - халық мұрасы"/Ә.Сүлейменова, Ү.Қарасайұлы - Шымкент,1999

Санат:Мал шаруашылығы