Покровка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Покров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1891 жылы қаланған. Покровкада 1932 жылы алғашқы ұжымшар құрылды. 1970 жылы “Есіл” ауыл шаруашылығы техникумының оқу-тәжірибе шаруашылығының орталығы болды. 1995 жылы шаруашылық негізінде “Образцовое” ӨК құрылды.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2109 адам (1001 ер адам және 1108 әйел адам) болса, 2009 жылы 1862 адамды (895 ер адам және 967 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері