thumb|left|160px| Арғұн өзенінің алабы Арғұн (Хайлар, , эвен. Ергэне) — Шилкамен қосылып Амурды құрайтын өзен.
Ұзындығы - 1620 км, оның 944 км-і Ресей мен Қытай шекарасын бойлай ағады.
Алабы 164 мың кm². Манчжуриядағы Үлкен Хинган жотасының солтүстік-батыс беткейінен басталады.
Бастауында Хайлар деп, ал Мутная тармағынан төмен - Арғұн деп аталады.
Жотадан шыққаннан кейін Арғұн жайылмасы үлкен кең аңғармен ағады. Сағасына таяу жерде аңғары тарылады да, жағалары жар қабаққа айналады.
Жылдық орта су шығыны сағасында 400 m³/сек. Негізінен жаңбыр суынан құралады. Жылы маусымда тасиды.
Басты салалары: сол жақтан - Газимур, Уров, Урюмкан оң жақтан - Гэньхэ, Нюэрхэ.
Арғұнда балықтың 60 түрі бар, соның ішінде амур, сазан, кета көп ауланады.
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Ресей өзендері Санат:Қытай өзендері