Сауысқан () - торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады.

Жемі Құрт-құмырсқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі.

Мәдениеттегі орны Сауысқан қазақ мәдениетінде сақтығымен, сергектігімен әйгілі. Ертөстік жырында Ерназардың келіндерін сауысқандай сақтығы, жұмыртқадай ақтығы деп суреттесе, енді бірде ұрылардың ең жоғары шегін екі сауысқанның құйрығын білдірмей бір-біріне ауыстырады дейді. Сауысқан шықылықтап үй маңынан шықпай қоюын Қазақтар жаманат хабар келеді деп жорыса, енді бірде жолаушының маңынан шықылықтап ұзап кетей қойған сауысқанды жақсылықтың жаршысы дейді.

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер