Капитан Америка: Бірінші кек алушы () − Джо Джонстон түсірген Marvel Comics баспасының комикстеріне негізделген шытырман филім. Негізгі рөлдерді сомдағандар − Крис Эванс, Хьюго Уивинг, Хэйли Этвелл және Томми Ли Джонс. Филімді түсірумен Marvel Studios компаниясы айналысты, ал оны таратумен − Paramount Pictures.
Сюжеті Филім сюжеті Екінші дүниежүзілік соғыс кезін бейнелейді және өз еліне қызмет еткісі келген Бруклиндік жас жігіт Стив Роджерс туралы суреттейді. Ол әскери дайындықтың тәжірибелік бағдарламасына қатысуға келісімін береді. Оған "супержауынгер" сарысуын енгізеді де витасәулелендіреді. Нәтижесінде әлсіз Стив Роджерс адамзатқа тән емес суперкүшке ие болады. Капитан Америка деген лақап атқа ие болған Роджерс ұлтшыл әрі лаңкестік ұйымның басшысы − Иоганн Шмидті тоқтатуға тиіс. Иоганн Шмид тессерактты (текше формалы тылсым қуат қайнары) қолданып, бүкіл әлемді өз қол астына қаратуға тырысады. Алайда бұл жоспары іске аспай қаза табады, ал Стив Роджерс мұзды судың астына құлап сол жерде 70-жылға ұйқыға кетеді.
Санат:Джо Джонстон фильмдері Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері Санат:АҚШ атыс-шабыс фильмдері