Балалар инфекциясы — ауа арқылы тарайтын және көбінесе балаларға тән өте жұқпалы аурулар тобы. Оларға желшешек, дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, менингит, скарлатина, свинка жатады. Бұл ауруларды қоздыратындар — сырқат адамның немесе ауру жұқтырғыштан бөлінетін бактериялар мен вирустар. Сырқат адам алғашқы күндерде немесе аурудаң бастапқы кезеңдеріне кесел жұқтырғыш келеді. Қоздырғыш жөтелгенде, түкіргенде, сөйлескенде, айқайлаған кезде түкіріктің, шырыштың қақырықтың ауаға шашырауынан (1-3 м-ге дейін) тарайды. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер