Күмәнді қоңыраусары ()Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:« Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - асқабақтар тұқымдасы, қоңыраусары туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

thumb|left|180|Күмәнді қоңыраусарының жемісі Биіктігі 0,5-1,5(3) м. Сабағы түкті, аздап бұтақталған. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-13 см, ені 4-9 см, ұшына қарай сүйір, түбінде терең ойығы бар, жиегі аздап тісті, екі жағын ұсақ түк басқан. Жапырақ жүйкесінің бойы мен сағағын қатты қылтанақ және қысқа түк басқан. Гүлсидамының ұзындығы 12 см, аталық гүлдерінің гүл сағағы жіңішке, ұзын әрі жұмсақ түкті, ұзындығы 1-3 см. Аналық гүлдерінің сағағы жуандау. Қандауыр тәрізді тостаған жапырақшаларының ұзындығы 12-13 мм, сыртына қарай қайырылған. Күлтесі сары түсті, ұзынша жұмыртқа тәрізді, диаметрі 2,5-3 см, сүйір немесе сүйірлеу. Аналық мойны жалаң, бүйрек тәрізді аналық аузы болады. Жемісі сопақ жұмыртқа тәрізді, жасыл немесе қызыл түсті, томпақ келген және қысқа түкті, ұзындығы 4-5 мм, ені 2,5-3 мм.

Көбейуі Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, тамыз-қазан айларында жемістенеді. Тұқымы және тамыр түйнегі арқылы көбейеді.

Өсу ареалы Қазақстанда Іле және Күнгей Алатауларында өседі. Бау-бақшаларда арамшөп ретінде, қала маңында, тау етегіндегі жол жиегінде өседі, әсемдік үшін де өсіріледі.

Дереккөздер

Санат:Асқабақтар Санат:Қазақстан флорасы