Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.Тиректер (Терек, Тіле, Телэ) – түркі тілдес тайпалар бірлестігінің жалпы атауы. Қытай жазбаларында Те-лэ, орыс деректерінде - Тиреевичтер, Половшылар, Оғыздар деп те аталған. Бұлар 6-9 ғасырларда Еділден Солтүстік Монғолияға дейінгі кең далада мал өсіріп, көшіп-қонып жүрген. Жылнама деректерінде Тиректер ғұндардың түп атасы.
6-шы ғасырда Тиректердің құрамындағы тайпалар 20 мың жауынгері бар -Бұғы, Тонгра, Ұйғыр, Байырқы, Бура; Жоңғария аумағымен Жетісудың біраз бөлігін мекендеген 20 мың жауынгері бар Қыбыр, Болат (Қарлұқтар), Шігіл, Эдис; Алтайдың оңтүстік батысындағы 10 мың жауынгері бар Сеяньто, Тарнах, Жабен, Тарқай; Каспий теңізінің, Әмударияның жағалауын мекендеген Аландар, Печенегтер, т.б.; Саян тауы етектерін мекендеген Тубалар, т.б. тайпалар. Бұл тайпалар арасында қоғамдық-саяси бірлестік болмаған, қоныстарының орналасу жағдайына қарай Шығыс және Батыс Түркі қағанаттарына саяси тәуелді болған. Жазба деректерде Тиректер шабандоз, садақ тартуда өте шебер болды деп сипатталған. Тиректер негізінен жылқы, қой, сиыр өсірумен айналысқан. 7-ші ғасырдың бас кезінде Тиректердің бір бөлігі Қыбыр тайпасынан шыққан Жамбұршы-Баға қағанның қол астына біріккен. Оның ордасы Тамған сілемінің (Шығыс Тянь-Шанның) етегінде орналасқан. Бұл кіші қағандық Қарлұқтар талқандалғанға дейін (651) тәуелсіздігін сақтады. Бұдан кейін Тиректер зия мен Жетісудағы әр-түрлі ежелгі және орта ғасырлық мемлекеттердің құрамына еніп кеткен. Дереккөздер
Санат:Тарих