thumb|left|110px|

thumb|right|400px| Й, й немесе қысқа и — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл алдының жуықтануынан жасалатын дауыссыз дыбысты белгілейтін таңба. Й ауыз жолды үнді дыбысқа жатады. "Й" әрпі көбінесе сөздің орта, соңғы буындарында жазылады (мысалы, тайлақ, тай, айна, тоғай). Қазақ тілінде (өз төл сөздерінде) й - дыбысы сөз басында келмейді. Қазақ тілінің заңдылықтары бойынша ондай сөз Ж-ға айланады. Мысалы: Түрікше һәм Қазақша: yer (йер)-жер, yür (йүр)-жүр, yay (йай)-жай (бір зат жайында мағнасында), ye (йе)-же және т.б. Й сөз басында көбінесе, қазақ тіліне орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздерде ғана келеді (йодизм, йот) немесе халықаралық терминдерде, мемлекет, жер-су есімдерінде: Йемен, йети және т.б. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 томКеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962.

Кодтар кестесі Код Регистр Ондық код 16-лық код 8-дік код Екілік код Юникод(монолитті) Бас 1049 0419 002031 00000100 00011001 Кіші 1081 0439 002071 00000100 00111001 Юникод(жіктеу) Бас 68682502 0418 0306 00406001406 00000100 00011000 00000011 00000110 Кіші 70779654 0438 0306 00416001406 00000100 00111000 00000011 00000110 ISO 8859-5 Бас 185 B9 271 10111001 Кіші 217 D9 331 11011001 KOI 8 Бас 234 EA 352 11101010 Кіші 202 CA 312 11001010 Windows 1251 Бас 201 C9 311 11001001 Кіші 233 E9 351 11101001

HTML жүйесінде бас әріп «Й»-ны Й немесе Й, ал кіші «й» әріпін - й немесе й деп белгілейді.

Дереккөздер

Санат:Кириллица