Московенко Василий Иванович (1915, бұрынғы Көкшетау облысы Чистополь ауданы Гаршино ауылы– 2001) – Кеңес Одағының батыры (1945). 1936 жылы кооперативтік техникумда оқып жүрген кезінде БЛКЖО ОК-нің шақыртуымен Әскери Әуе Күштері қатарына алынады. Екі жылдан кейін Сталинград әскери-ұшқыштар училищесін бітіріп, Қиыр Шығыстағы Қызылтулы 2-жеке армияның құрамында борышын өтеді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде 175 рет әскери тапсырмамен ұшып шыққан. 37 әуе ұрыстарын жүргізіп, жаудың 14 самолетін атып түсірген. Ленинград қоршауын бұзуға, Ржев-Зубцов операциясына, Орел, Витебск, Орши аудандарында немістерді талқандауға және Берлинді басып алу ұрыстарына қатысқан. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Ту орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:КОКП мүшелері