Бүрмелі акула () — Шеміршекті балықтар класының Chlamydoselachus тұқымдасының акуласы. Жер бетінде 95 миллион жыл тіршілік етіп келе жатқан акула.

Тіршілік ету мекені Үнді мұхитының батысы Тынық мұхиты Атлант мұхиты. Биологиялық сипаттама Бүрмелі акуланың түсі-қоңыр-сұр. Өзі жыланбалыққа ұқсайды. Алайда оны акула екендігін алты желбезек саңылауына қарап тануға болады. Олардың түр-сипаты қорқынышты көрінгенімен адамға келтірер зияны жоқ. Ұзындығы 2 м-ге дейін өседі. Бұл акулалардың ауыз қуысы - үлкен.

Қоректенуі Негізгі қорегі - асшаяндар мен акулалар. Қорегін судың орта және төменгі қабатында аулайды. Олар алдымен қорегін бар екпінімен соғып, әлсіретеді. Бүрмелі акула жұмыртқалайды. Бұл акуланың желбезектері бүріліп тұрады. Осы ерекшелігіне орай “Бүрмелі акула” деп аталған.

Бүрмелі акула жойылып кеткен акулалар қатарында болатын. Дегенмен XIX ғасырда олар Жапония елінің теңіздерінде кездескен. Бүрмелі акуланың түрі су астында тіршілік ететін жыланбалыққа ұқсайды.Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2

Дереккөздер

Санат:Акулалар