"Қарапайым дельфин" деп аталатын дельфиннің түсі ерекше. Оның екі жақ бүйірі мен жүзбеқанаттары қанық сары түсті.
Қарапайым дельфиндің ұзындығы 3,6 метр шамасында, ал салмағы 80 келіге дейін жетеді. Қарапайым дельфиннің өткір тістері балық пен кальмарларды жеуге өте ыңғайлы. Олардың үстіңгі және төменгі жақ сүйегінде 40-50 тісі болады. Дельфинның бұл түрі топтасып өмір сүреді. Бір топта 100 шақты дельфин жүреді. Бұл дельфиндер қорегін бірлесіп аулайды және бір-бірімен өте нәзік ультрадыбыс толындарын шығару арқылы байланысады. Қарапайым дельфиндерге қауіп-қатерді көбінесе адамзат баласы келтіреді. Бұл дельфин 3-4 жылда жыныстық жағынан жетіледі және 25-30 жыл өмір сүреді."1100 қызықты деректер акулалар,дельфиндер және киттер." Дереккөздер
Санат:Дельфиндер