Жемшөп базасы- 1) шаруашылықтың, облыстың, бүкіл мемлекеттің мал шаруашылығына қажетті жемшөп қоры және жемшөп алынатын шаруашылық салалары. 2) шаруашылықта жемшөп өндіру және оны пайдалану жүйесі. Тұпрақты жемшөп базасын жасау дегеніміз- жемге арналған астық тұқымдас дақылдар, бір жылдық және көп жылдық шөптер егу, табиғи жайылымды, жемшөп дақылдары егілетін жерді тиімді пайдалану, сондай-ақ жемщөп базасын нығайту мақсатында жемщөптік ауыспалы егіске жоғары өнімді дақылдары(жүгері,картоп,қант,қызылшасы,жемшөптік бақша дақылдары т.б.) егу. Жемшөпті молайту үшін жемшөптік дақыл түрлерін таңдап алу, озат агротех, шараларды қолдану, пішен жинау, жемшөпті сүрлеу, құрама язық өндірісін дамыту керек.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы