Назым Хикмет Ран (20. 1.1902, Салоники – 3.6. 1963, Мәскеу) – түрік жазушысы, қоғам қайраткері.
Мәскеудегі Шығыс университетінде оқыған (1921 – 24). "Қазақ Энциклопедиясы", 6 том
Алғашқы жинағы Горбаткина Г.А., Пьесы-легенды Назыма Хикмета, М., 1967 "Күн жұтқандар жыры]]” Бакуде жарық көрді (1928). Ол бұл кезеңдердегі өлеңдерінде көбіне ерлік пен батырлықты дәріптеді.“835 жол өлең” (1929), “Варан – 3” Всемирная литература ХІХ и XX века. Энциклопедия, М., 2002.(1930), "1+1=1" (1930), “Дауысын жоғалтқан қала” (1931) атты өлеңдер жинағында түрік халқының ауыр тұрмысын суреттеді. Ал “Джиоконда және Си-Я-у” (1929) поэмасы мен “Бенерджи өзін-өзі неге өлтірді?” (1932) атты өлеңмен жазылған романында Азия мен Африкадағы Бабаев А.А]., "Назым Хикмет", М., 1957 отаршылдықты сынады. “Қу бас” (1932), “Өліктің үйі” (1932), “Ұмытылған адам” (1935) пьесаларында адамдардың қоғамдағы рөлі туралы жазды. “Түнде келген телеграмма” (1932) өлеңдер жинағында түрік халқын демократия жолындағы күресте табандылыққа шақырды. “Портреттер” (1935) жинағы мен “Таранта Бабуға хаттар” (1935) поэмасында, “Неміс фашизмі және нәсілшілдік” (1936) атты еңбегінде фашизмді және оны қолдаушы түрік ұлтшылдарын сынға алды. 1938 жылы ол 28 жылға сотталып, 17 жыл түрмеде отырды. Абақтыда “Адам панорамасы” тарихи дастанын, “Түрмеден жазылған хаттар” атты өлеңдер топтамасын, “Махаббат туралы аңыз”, “Жүсіп – Зылиха]” пьесаларын жазды. 1950 жылы түрік үкіметі оны түрмеден босатуға мәжбүр болды. 1951 жылы Мәскеуге келіп, мұнда “Түркия туралы әңгіме” (1952), “Ғажайып жан” (1955), “Иван Иванович бар ма еді, жоқ па еді?” (1956), т.б. еңбектер жазды. Назым Хикмет Ран түрік өлеңіне соны ырғақ, екпін, ұйқас түрлері мен “еркін өлең” аталатын жаңа үлгіні енгізді. Алғашқы өлеңдері асқақ ой мен сырлы сөздерге құрылса, кейінгі жылдары терең лиризмге бой ұрды. Назым Хикмет Ран өлеңдері түрік поэзиясына зор ықпал етті, оның есіміне байланысты әдеби ағымдар пайда болды. Оның сценарийі бойынша “Бір кварталдан шыққан екеу” (1957), “Іңкәр бұлттар” (1959), “Шаңырағың шайқалмасын” (1963) атты кинофильмдер түсірілді. “Махаббат туралы аңыз” Фиш Р.Г., "Назым Хикмет", М., 1968 атты балет қойылды. Назым Хикмет Ран өлеңдері көптеген тілдерге аударылды. Оның пьесалары Еуропа, Америка, Азия елдерінің театрларында сахналанды. Қазақ тілінде “Өлеңдер” (1952), “Өлеңдер мен дастандар” (1958), “Махаббат туралы аңыз” (1974) атты кітаптары жарық көрді. “Фархад – Шырын” "Новый иллюстрированный энциклопедический словарь", М., 2001 пьесасы қазақ театрлары сахнасында қойылды.
Назым Хикмет Ран Халықар. Бейбітшілік сыйл-ның иегері (1950).
Дереккөздер
Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1902 жылы туғандар Санат:Саланикиде туғандар Санат:3 маусымда қайтыс болғандар Санат:1963 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Түркия жазушылары Санат:Түркия ақындары Санат:Марксистер Санат:Түркия коммунистері Санат:Түркия прозаиктері Санат:Түрік ақындары Санат:Түрік жазушылары Санат:Түркия драматургтері Санат:Түркия революционерлері Санат:Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының иегерлері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті түлектері Санат:Галатасарай лицейі түлектері Санат:Назым Хикмет