Ен Сен Нен (1909, Ресей, Қиыр Шығыс өлкесі–1979) - Кеңестік Корей театрын құрушылардың бірі.
Сондай+ақ, корей кеңес әндерінің негізін қалаушы. 1932 жылдан өмірінің соңына дейін корей театрының режиссері болды.
Алғашқы «Победа и любовь» пьесасы (1924) Қиыр Шығыс өлкелік конкурсында бірінші сыйлық алды. 14 пьеса жазған. «Чун Хян Ден» пьесасы корей театрының сахнасында 1944 жылдан бері қойылып келеді.
Көптеген өлеңдер жазған. 1970 жылы ақындық шығармашылығы үшін «Ленин кичи» газетінің бірінші сыйлығын алды.
1952 жылы «Қазақ КСР өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» атағы берілген. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Дереккөздер Ен Сен Нен
Санат:1909 жылы туғандар Санат:Қиыр Шығыс өлкесінде туғандар Санат:1979 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан корейлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері Санат:КСРО театр режиссерлері Санат:Қазақстан ақындары Санат:Корей ақындары