Аманат - Сатыбалды Нарымбетовтың фильмі. Басты рөлдерді Санжар Мәдиев пен Берік Айтжанов сомдады. Фильм нақты тарихи оқиғаларға негізделген.
Сюжеті Фильмнің басты кейіпкері - 19 ғасырдағы қазақтардың Ресей империясына қарсы күресін ұйымдастырған, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы.Аманат фильмі жарыққа шығады, «Егемен», 9 мамыр 2015 Фильмде онымен қоса Бұқарбай батыр сияқты ханның сенімді серіктерінің өмірі көрсетілген. Фильмде бірнеше оқиға параллельді көрсетіледі. Фильмді тамашалау арқылы 19 ғасырдағы Кене хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов өміріне саяхат жасауға болады.Кенесары хан, «Қазақстан ҰТА», 5 мамыр 2015 Фильмді түсіру барысында, Nomad каскадёрлері шайқас эпизодтарына қатысты. Фильм Кенесары хан жайлы фильмдердің алғашқысы болмақ. Бұрында деректі фильмдер түсірілсе де, көркем фильмдер түсірілмеген еді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Сатыбалды Нарымбетов фильмдері Санат:2015 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер