Қайраңкөл — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қайраңкөл ауылдық округі орталығы.
Географиясы Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 85 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1252 адам (611 ер адам және 641 әйел адам) болса, 2009 жылы 935 адамды (451 ер адам және 484 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері