Терілік лейшманиозы – Zeishmania teopica қоздырғышымен шақырылатын, трансмиссивті жолымен тарайтын, клиникасында-тері қабаттарда лейшманиомалар шығуымен ұзақ өтетін табиғи ошақты инфекция. Тері лейшманиоздың 80-ке жуық синонимдері бар: Боровский ауруы Пенділдің жарасы (Туркменияның ашхабадтық, коканд, шығыс жарасы Пенде деген ауылынан шыққан) тропикалық жара годовик (солеи, йил чабан) яман жарақат т.б. Тарихы Авиценна-өзінің ғылыми жұмыстарында-лейшманиоздың терілік көріністерін суреттеп, бұл ауру қансорғыш жәндіктердің шағуымен байланыстырылған. Қоздырғышын 1898ж П.Ф.Боровский анықтаған (Ташкент). Таралымы кең-Африка, Таяу шығыс, Азия, Индия, Франция, Испания; Италия; Грецияның Оңтүстік аймақтарында, Кавказ мемлекеттерінде, Өзбекстан, Түркімения, Тәжікстан, Қазақстанда. Сырқат бірен-саран оқиғалар және локальды індет түрінде тарайды. Этиологиясы: Қоздырғышы-Zeishmania teopica. Морфология бойынша Z.donovani-дан айырмашылығы жоқ, бірақта биологиялық және серологилық қасиеттері бөлек. Z.donovani сияқты жетілуі 2 сатымен өтеді: москит организмінде-талшықты (лептомонадты түрі), адам организмінде + талшықсыз (лейшманиальды түрі). Тері лейшманиоздың 2 түрін біледі: кеш ойылатын тері лейшманиозы (антропонозды қалалық, І-ші типы), -жедел ойылатын тері лейшманиозы (зоонозды, ауылдық ІІ-ші типы) Осы екі түрінің – эпидемиологиялық және клиникалық айырмашылықтарын диагностикаға, емдеуіне, эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды жүргізуіне маңызы зор. Эпидемиологиясы тері лейшманиоздың 1-ші типы: кеш ойылатын, қалалық, антропонозды. Инфекция көзі-адам кейде иттер. Таратушысы- москиттер Phlebotomus papatasi. Олар көбінесе мая салуда, балшықтан салынған үйлердің тесіктерінде, көбінесе қалаларда кездеседі. Мерзімі москиттердің тіршілік ету кезеңіне байланысты (мамыр-қыркүйек айлары). Тері лейшманиоздың ІІ-типы-зоонозды терілік лейшманиоз. Табиғи ошақты инфекция. Аурудың көзі жабайы кеміргіштер (дала тышқаны, борсық). Таратушылары – москиттер. Кемірушілердің індерінде тіршілік етеді. Ауыратындар –жастарына байланыссыз эндемиялық ошақтарында инфекцияланған москиттер шыққан адамдар. Патогенезі Лейшманийлар-клетка ішінде тіршілік ететін паразиттер. Инфекцияланған москиттер шаққан кезде-тері ішіне лейшманийлар еніп, макрофагтарға қалыптасады да көбейе бастайды. Нәтижесінде спецификалық гранулема туады. Лимфа тамырлары арқылы лейшманийлар маңайға тарайды (2-3, 55-70 см-ге дейін). Жолында спецификалық лимфангит, лимфаденит және гранулемалар тудырады. Тері лейшманиозда организмнің жалпы реакциялары шамалы түрінде өтеді. Тек қана ойық-жаралардың саны көп, асқынған түрінде өткенде-дене қызуының жоғарлауы, интосикация белгілері айқын көрінеді. Патанатомиясы тері лейшманиоздың екі түрінде де гистологиялық суреті бердей көрінеді-тері ішінде спецификалық гранулема түрінде жайылған инфильтрат қалыптасады. Оның құрамы: гистиоциттер, плазматикалық клеткалар, нейтрофилдер, лимфоидты элементтер. Терінің сыртқы бөліктерінде-инфильтрат диффузды түрінде жайылады, тері қоспалардың айналасында. Лейшманиоздың зоонозды типінде инфильтраттың ортасы некрозданып ерте ойыла бастайды; антропоназды түрінде-бұл процесс баяу, созылыңқы түрінде өтеді. Клиникасы сырқат циклді түрінде өтеді. Әр кезеңнің ұзақтылығы, өту бағытының ерекшелігі қоздырғыштың түріне, вирулентілігіне, дозасына, макроорганизмнің меншікті ерекшеліктеріне, ойық жаралардың санына, мекендеген орнына, екіншілік инфекция қосылуына байланысты болады. Клиникалық жіктелуі (Н.Ф.Родякин) 1. Біріншілік лейшманиома: көпіршік ойық-жаралану тыртықтану 2. Реттелген екіншілік лейшманиома 3.Диффузды – инфильтративті лейшманиома 4. Туберкулоидты терілік лейшманиоз 3 және 4 түрлері көбінесе антропонозды терілік лейшманиозда кездеседі, созылмалы өту бағытымен сипатталады. Антропонозды тері лейшманиозы (кеш ойылатын І-ші типі). Инкубациялық мерзімі өте ұзақ (3-8 айдан 1-2 жылға дейін). Клиникасында баяу түрінде спецификалық гранулеманың қалыптасуы, ойылуы және тыртықтану кезеңдері өтеді. Сырқат біртіндеп басталады. Москит шаққан орнында инкубациялық мерзім өткен соң қоңыр дақ пайда болады. Ол көлемі 2-3 мм-дей папулаға айналады (тері түсті болады) 3-7 ай ішінде папуланың көлемі ұлғайып, маңайында жайылған инфильтрат қалыптасады; үстіндегі терісі тартылып бозарады. Одан кейін папуланың үсті қабыршақтанып, оның астында домалақ ойық жара орналасады. Ойық жараның шеттері жыртыс тәрізді болып, іші серозды-іріңді бөлініске толады. Бұл кезде – лейшманиоманың беті қызарып, басқан кезде-аздаған ауырсыну сезіледі. Тері лейшманиоздың І-ші типінде жаралардың саны 1-3, сирек кезде 8-10-ға дейін жетеді. Көбінесе бет пен қолдарында орналасады. Лейшманиоздың осы түрінде 2 характерлы белгіні көруге болады: лабораторлы зерттеуде лейшманиоманы тескен орында – бір тамшы серозды сұйықтық шығады лейшманиоманы қырған кезде түскен тері жарық өткізеді. Ойық жараның тыртықтануы қызыл түсті гранулемия ошақтарының көрінуінен басталады. Біртіндеп инфильтраттың көлемі азаяды. Қалыптасқан тыртық атрофиялық, штамп тәрізді болады. Көпіршіктен тыртықтануға дейін 12-13 ай уақыт өтеді (годовик) кейде 2 жылға дейін созылуы мүмкін. Екіншілік (реттелген) лейшманиомалар немесе біріншілік пен қатарласып шығады, немесе кейіннен туған лейшманиомалар абортивті түрінде өтеді, өйткені организмде спецификалық антиденелердің әсері болады. Лимфа тамырлар жолында қабынған түйіршіктер қалыптасуы мүмкін, көлемі 0,3-1-2 см-ге дейін. Кейбір иммунитеті төмен адамдарда жайылған диффузды-инфильративті лейшманиомалар кездеседі. (лепра тәрізді көпіршіктер). Олар көбінесе ойылмайды. Кейбір науқастарда сырқат созылмалы ағымға өтіп – туберкулоидты түрінде көрінеді. Ірі лейшманиома орналасып, баяу циклсыз дамып, 2-12 жылға дейін созылады. Зоонозды (жедел некрозданып ойылатын) лейшманиоз:- инкубациялық мерзім І-ші типына қарағанда көп қысқа бірнеше күннен 3-4 аптаға дейін. Лейшманиома қалыптасып жазылу мерзімі де 4-6 аптадан аспайды. І-ші кезеңі-көпіршіктің қалыптасуы 1-3 апта бойы өтеді. Алдымен қызғылт түсті дақ пайда болып, одан көпіршік, одан көлемі 2-3 см фурункул тәрізді инфильтрат орналасады. Фуринкулға ұқсас болғанымен, келесі айырмашылықтары болады: дамуы ұзақ мерзімді ауырсынуы шамалы некрозды түбі болмайды Лейшманиоманың ары қарай дамуында – жаралы кезең басталады. Үсті қабыршақтанып, астында некроздану – терең, көлемі 1-5 см-ге дейін кратер тәрізді ойық жара қалыптасады. Маңайында айқын инфильтрация, гиперемия, кейде балалық көпіршіктер орналасады. Қабыршақ қоңыр, некрозды массалар сары-сұр түсті болады. Қабыну айқын болғаннан ауырсыну, қышу мазалайды. Асқынулар жиі кездеседі: лимфангит, лимфаденит, пиодермия, тілме, флегмона. Тыртықтану кезінде-грануляция өтеді-жараның түрі бұл кезеңде балық икра немесе кесілген гранат тәрізді болады. Лейшманиоманың орнында штамп-тәрізді тыртық қалады. Ауырлығы бойынша жеңіл және ауыр түріне бөлінеді. Жеңіл ағымда науқаста асқынбаған, көлемі 3х3 см-ден аспайтын, 1-2 лейшманиомалар болады. Жағдайы қанағаттанарлық. Ауыр түрінде көптеген, ірі, асқынбаған лейшманиомалар болған жағдайда. Типті түрімен қатар атипті, абортивті түрлері де кездеседі. Диагностикасы: клиникалық эпидемиологиялық лабораторлы Лабораторлы әдіс: паразитологиялық – лейшманиомаларды қырып теріні алады. ойық жараның бөліндісін. Микроскопия жасайды және қоректі ортаға себеді (NNN-орта) Дифференциальды диагностикасы: тері туберкулезы фурункулез тері ісіктері грануломатоз ретикулосаркоматоз сифилис лепра т.б. Емі: антропонозды түрінде – сырқаттың басында ұсақ көпіршіктерді криокоагуляциямен немесе термокоагуляциямен алып тастауға болады. Жергілікті емді -5% акрихинмен, мономицинмен т.б. жүргізіледі. Парентеральды түрінде: аминохинол мономицин, метронидазол солюсурьмин глюкантим Алдын алу Спецификалық профилактика – тірі вакцина. кемшіліктері көп – жергілікті өзгерістер туады (3-4 аптаға дейін). аллергиялық реакциялар жиі болады өте төзімсіз вакцина. Дереккөздер http://medkrugozor.ru/illness/leyshmanioz/ http://ruderm.com/lejshmanioz.html http://ruderm.com/lejshmanioz.html http://www.24farm.ru/parazitologiya/leishmanioz/
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Терілік лейшманиозы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.