1. Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау, — үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Зорлауды: Адамдартобы, алдын ала сез байласкан адамдартобы немесе ұйымдасқан топ жасаса; Өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалса; Жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқса; Бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипаттағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса; Көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса, — бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Зорлау: Абайсызда жәбірленушінің өлуіне әкеп соқтырса; Абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса; Жәбірленушінің он төрт жасқа толмағанын көрінеу біле тұрып; Қоғамдык зілзала жағдайларын пайдаланған немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалса, — сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6 Дереккөздер

Санат:Қылмыс Санат:Заң