Наливайко Северин—Украинадағы феодалдарға қарсы шаруа-казактар көтерілісінің басшысы.Қолөнерші отбасында туған.Казактардың түріктер мен татарларға қарсы жорықтарына қатысты.1594 жылы қазанда Оң жағалаудағы Украинада болған көтерілісті басқарды .Волынь магнаттары мен шляхтарын талқандап, көтеріліске шыққан белорус шаруаларымен қосылуға бет алды. Бірақ поляк әскерлерінің қарсы шабуылына байланысты Украинаға қайтып оралды.Белая Церковь түбінде Острый Камень мекенінде поляк армиясымен болған сәтсіз ұрыстан кейін Днепрден өтіп,Лубны қ-да бекіністі лагерь құрды.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Северин Наливайко · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.