Азитромицин — жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер.
АТХ коды J01FA10
Фармакодинамикасы Азитромицин әсер ауқымы кең антибиотик, макролидтік антибиотиктердің жаңа қосалық тобы – азалидтердің бірінші өкілі болып табылады. Бактериостатикалық әсерге ие, бірақ қабыну ошағында жоғары концентрацияларды түзген кезде бактерицидті әсер етеді. Рибосомальды 50S-ты суббірлікті байланыстыра отырып, азитромицин көптеген грамоң, грамтеріс, анаэробтық, жасушаішілік және басқадай микроорганизмдер жөнінде белсенділік танытып, сезімтал микроорганизмдердегі ақуыздар синтезін бәсеңдетеді. Қолданылуы Препаратқа сезімтал қоздырғыштар туындатқан инфекциялық аурулар:
-жоғарғы тыныс алу жолдарының және ЛОР-ағзалардың инфекциялары – синусит, тонзиллит, ортаңғы отит;
– тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің инфекциялары – бактериялық және атипті пневмония, бронхит;
- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары;
- Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туғызған несеп-жыныстық жолдардың асқынбаған инфекциялары.
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- азитромицинге, эритромицинге, макролидті антибиотиктерге, кетолидті антибиотиктерге немесе 6.1-бөлімде берілген кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылуы
- жүктілік және лактация кезеңі
- дене салмағы 45 кг-дан аз балалар
Сақтықпен:
- аритмия кезінде (қарыншалық аритмия, аралықтың ұзаруы (QT) болуы мүмкін)
- бауыр мен бүйрек функциясының айқын бұзылулары бар балаларға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Сақтықпен: жүрек-қантамыр патологиясы бар пациенттерге тағайындалады. Препаратты қабылдау аритмия ұстамасын тудыруы мүмкін (қарыншалық аритмия және QT аралығының ұзаруы мүмкін).
12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде азитромицинді тағайындау қауіпсіздігі түпкілікті анықталмаған.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Антацидтер: қан плазмасындағы азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25%-ға төмендегенімен, антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерделеу кезінде биожетімділікте өзгерістер байқалмады. Пациенттерге азитромицин мен антацидтерді бір мезгілде қабылдауға болмайды.
Цетиризин: дені сау еріктілерде азитромициннің 5 күндік курсын 20 мг цетиризинмен бірге қабылдау тепе теңдік жағдайында фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге және QT аралығында елеулі өзгерістерге әкелген жоқ.
Дигоксин және колхицин (Р-гликопротеин субстраты)
Макролидтер тобындағы кейбір антибиотиктер, соның ішінде дигоксин және колхицин сияқты P-гликопротеин субстраттарымен азитромицин сарысудағы Р-гликопротеин субстраты концентрациясының жоғарылауына әкеледі деп хабарланды. Сондықтан азитромицин және дигоксин сияқты Р-гликопротеин субстраттары бір уақытта енгізілгенде, сарысулық дигоксиннің ұлғаю мүмкіндігін қарастыру керек. Азитромицинмен емдеу кезінде және одан кейін пациентті клиникалық бақылау және қажет болған жағдайда сарысудағы дигоксин концентрациясын анықтау қажет.
Зидовудин: 1000 мг бір рет және 1200 мг немесе 600 мг азитромицинді көп рет қолданғанда зидовудиннің немесе оның глюкуронидтік метаболиттерінің метаболизміне немесе несеппен шығарылуына болмашы әсері анықталды. Алайда, азитромицин қабылдау шеткері қанның мононуклеараларында фосфорланған зидовудин (клиникалық белсенді метаболит) концентрациясын арттырды.
Азитромицин бауырдың Р450 цитохромы жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Азитромицин цитохром-метаболит кешенінің көмегімен P450 цитохромын индукцияламайды немесе инактивациялайды.
Эрготамин туындылары: эрготизм дамуының теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицинді қастауыш туындыларымен бір уақытта қолдану ұсынылмайды.
Аторвастатин: аторвастатинді (күн сайын 10 мг) және азитромицинді (күн сайын 500 мг) бірге енгізу қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясын өзгертпеді (HMG CoA-редуктаза талдауы негізінде). Алайда, статиндермен азитромицин қабылдайтын пациенттерде рабдомиолиздің постмаркетингтік жағдайлары тіркелген.
Карбамазепин: сау еріктілерде азитромициннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуін зерттеуде препарат қан плазмасындағы карбамазепин деңгейіне немесе оның белсенді метаболиттеріне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Циметидин: азитромицин фармакокинетикасының өзгеруі азитромицин фармакокинетикасына азитромициннен 2 сағат бұрын қабылданған циметидиннің бір реттік дозасының әсерін зерттейтін фармакокинетикалық зерттеуде байқалмады.
Пероральді кумариндік антикоагулянттар: өзара әрекеттесудің фармакокинетикалық зерттеулерінде азитромицин сау еріктілерге енгізілген варфариннің 15 мг бір реттік дозасының антикоагулянттық әсерін өзгертпейді. Маркетингтен кейінгі кезеңде азитромицинді және пероральді кумариндік антикоагулянттарды бірге қабылдағаннан кейін антикоагуляцияның күшеюі туралы хабарламалар алынды, бірақ себеп-салдарлық байланыс анықталмаған, кумарин сияқты пероральді антикоагулянттарды алатын науқастарға азитромицинді тағайындау кезінде протромбин уақытын бақылау қажет.
Циклоспорин: 3 күн ішінде тәулігіне 500 мг азитромицинді пероральді алған, содан кейін бір рет пероральді 10 мг/кг циклоспорин алған дені сау еріктілерге жүргізілген фармакокинетикалық зерттеуде циклоспориннің Cmax және AUC0-5 едәуір жоғарылаған. Сондықтан осы препараттарды бір мезгілде енгізуді қарастырмас бұрын абай болу керек. Егер осы препараттарды бірге енгізу қажет болса, циклоспорин деңгейін бақылау және дозаны тиісінше түзету керек.
Эфавиренз: 7 күн ішінде күніне азитромициннің 600 мг және эфавиренздің 400 мг бір реттік дозасын бірге қабылдау клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерге әкелмейді.
Флуконазол: 1200 мг азитромициннің бір реттік дозасын бірге қабылдау флуконазолдың 800 мг бір реттік дозасының фармакокинетикасын өзгертпейді. Азитромициннің жалпы әсері мен жартылай шығарылу кезеңі флуконазолмен бірге енгізген кезде өзгерген жоқ, алайда, азитромициннің Cmax (18%) клиникалық елеусіз төмендеуі байқалды.
Индинавир: 1200 мг азитромициннің бір реттік дозасын бірге қабылдау 5 күн бойы күніне үш рет 800 мг дозада енгізілетін индинавирдің фармакокинетикасына статистикалық маңызды әсер еткен жоқ.
Метилпреднизолон: Дені сау еріктілердегі фармакокинетикалық өзара әрекеттесуді зерттеуде азитромицин метилпреднизолонның фармакокинетикасына айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Мидазолам: дені сау еріктілерде тәулігіне 500 мг азитромицинмен бірге 3 күн бойы енгізу 15 мг мидазоламның бір реттік дозасының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасында клиникалық маңызды өзгерістер туғызбайды.
Нельфинавир: азитромицинді (1200 мг) және нелфинавирді тепе-тең жағдайда (күніне үш рет 750 мг) бірге енгізу азитромицин концентрациясының жоғарылауына әкелді. Клиникалық маңызды жанама әсерлер байқалмады және дозаны түзету қажет емес.
Рифабутин: азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолдану осы препараттардың қан плазмасындағы концентрациясына әсер еткен жоқ.
Нейтропенияны азитромицин мен рифабутинді бір мезгілде қолданғанда анықтады. Нейтропения рифабутинді қолданумен байланысты болса да, азитромицинді бір мезгілде қабылдаумен себептік байланысы орнатылмаған.
Силденафил: дені сау ер еріктілерде азитромициннің (3 күн бойы күніне 500 мг) силденафилдің AUC және Cmax немесе оның негізгі айналымдағы метаболитіне әсері туралы дәлелдер жоқ.
Терфенадин: фармакокинетикалық зерттеулерде азитромицин мен терфенадин арасындағы өзара әрекеттесу туралы хабарланған жоқ. Кейбір жағдайларда өзара әрекеттесу ықтималдығын толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Алайда, мұндай өзара әрекеттесудің орын алғаны туралы нақты дәлелдер алынған жоқ.
Теофиллин: дені сау еріктілер бір мезгілде қолданған кезде азитромицин мен теофиллин арасындағы клиникалық маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге дәлел алынған жоқ.
Триазолам: 14 сау еріктілерде азитромицинді 1-күні 500 мг және 2-күні 250 мг 0,125 мг триазоламмен бірге енгізу 2-күні триазолам мен плацебоны бірге енгізумен салыстырғанда триазолам үшін фармакокинетикалық ауыспалылардың кез келгеніне елеулі әсер еткен жоқ.
Триметоприм/сульфаметоксазол: 7 күн бойы 1200 мг азитромицинмен триметоприм/сульфаметоксазолды DS (160 мг / 800 мг) бірге енгізу 7-күні триметоприм немесе сульфаметоксазолдың ең жоғары концентрациясына, жалпы әсеріне немесе шығарылуына елеулі әсер еткен жоқ. Сарысудағы азитромицин концентрациясы басқа зерттеулерде байқалғандарға ұқсас болды.
Арнайы сақтандырулар
Аса жоғары сезімталдық
Эритромицин және басқа макролидтер жағдайындағыдай, ангионевроздық ісінуді және анафилаксияны (сирек өліммен аяқталатын), жедел жайылған экзентематозды пустулезді (AGEP) және эозинофилиясы және жүйелі көріністері бар дәрілік бөртпені (DRESS) қоса, күрделі аллергиялық реакциялар туралы хабарланды. Азитромицинге осы реакциялардың кейбіреулері қайталанатын симптомдарға әкелді және бақылау мен емдеудің ұзақ кезеңін қажет етті.
Гепатоуыттылық
Бауыр азитромицинді шығарудың негізгі жолы болғандықтан, бауырдың маңызды ауруы бар азитромицинді сақтықпен қолдану керек. Азитромицинді қолдану кезінде өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігіне әкелетін шұғыл гепатит жағдайлары туралы хабарланды. Кейбір пациенттерде бұрын болған бауыр аурулары болуы мүмкін немесе олар басқа гепатоуыттылық дәрілік заттарды қабылдауы мүмкін.
Сарғаюмен байланысты тез дамитын астения, несептің бұлыңғырлануы, қан кетуге бейімділік немесе бауыр энцефалопатиясы сияқты бауыр функциясының бұзылуының белгілері мен симптомдары пайда болған жағдайда, бауыр функциясын дереу тексеру/зерттеу керек. Егер бауыр дисфункциясы пайда болса, азитромицин қабылдауды тоқтату керек.
Қастауыш алкалоидтарының туындылары
Қастауыш алкалоидтарының туындыларын қабылдайтын пациенттерде, эрготизм кейбір макролидті антибиотиктерді бір мезгілде қабылдау арқылы қозады.Қастауыш пен азитромицин арасындағы өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер жоқ. Алайда, эрготизмнің теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин мен қастауыш алкалоидтарының туындыларын бір уақытта тағайындамаған жөн.
QT аралығының ұзаруы
Жүрек аритмиясы мен пируетті тахикардияның даму қаупіне әкелетін жүрек реполяризациясының ұзаруы және QT аралығының ұзаруы азитромицинді қоса, басқа макролидтермен емдеу кезінде байқалды. Келесі жағдайлар жүрек тоқтауына әкелуі мүмкін қарынша аритмиясының (оның ішінде пируетті тахикардияның) даму қаупін арттырады, соның салдарынан азитромицинді ағымдағы проаритмогенді жағдайы бар пациенттерде (әсіресе әйелдер мен егде жастағы пациенттер) сақтықпен қолдану керек, мысалы:
• QT аралығының туа біткен немесе құжатпен расталған ұзартылуымен;
• QT аралығын ұзартатын басқа белсенді заттарды қабылдайтын науқастар, мысалы, IA класындағы (хинидин және прокаинамид) және III класстағы аритмияға қарсы дәрілер (дофетилид, амиодарон және соталол), цизаприд және терфенадин; пимозид сияқты антипсихоздық дәрілер; циталопрам сияқты антидепрессанттар; моксифлоксацин және левофлоксацин сияқты фторхинолондар;
• электролиттік теңгерімнің бұзылуында, әсіресе гипокалиемия және гипомагниемия жағдайында;
• клиникалық маңызды брадикардиямен, жүрек аритмиясымен немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігімен.
Суперинфекция
Кез келген антибиотиктерді қолданғандағыдай, зеңді қоса, сезімтал емес микроорганизмдерден туындаған суперинфекция белгілерін байқау ұсынылады.
Clostridium difficile – астасқан диарея.