Қорам каналы – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан.
Гидрологиялық сипаты Арнасының ұзындығы 70 км, тереңдігі 0,9-1,5 м, ені беткі жағында 8-14 м, табанында 6-11 м. Бастауын Қайрат ауылынан төменде Шілік өзенінен алып, Қазақстан ауылынан төменде Жарсу өзенінің саласы – Қарсу өзеніне құяды. Су егістік жерлерді және мал суаруға пайдаланылған. Кейін Үлкен Алматы каналының салынуына байланысты (1979-1984 жылдары) Қорам каналымен су жүру тоқтатылды.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы каналдары